Қазақстандық инвесторлар Өзбекстанға ынтымақтастық жасауға шақырылды
Өзбекстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы заң қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Енді осы елдегі кәсіпкерлік мемлекет тарапынан қолдау тауып, көрші елдердің инвесторлары үшін тартымды болып отыр. Қазақстандық бизнесмендер нарықта жұмыс істеуге шақырылады. Соңғы жылдары ел экономикасының құрылымында шағын және орта кәсіпорындардың айтарлықтай өсуі байқалды. Биылғы жылы экономикаға шетелдік инвестициялардың көлемі 3,5 млрд. долларға жетеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен шамамен 600 бірлескен кәсіпорын бар.
Әлішер Абдуалиев, Өзбекстанның инвестициялық және сыртқы сауда министрінің бірінші орынбасары:
- Қабылданған заң шеңберінде бірқатар жобалар бар. Ағылшын, түрік және корей компанияларының белсенді қызығушылық танытуда. Бір ай бұрын автомобиль зауытының құрылысына символдық капсулалар қойдық. Сондықтан, Өзбекстан нарығында бірлесе жұмыс істей отырып, пайда табу үшін біз көршілерімізді, қазақстандық кәсіпкерлерді инвестиция салуға шақырамыз.
Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/325656-kazakhstanskikh-investorov-priglashayut-k-sotrudnichestvu-v-uzbekistane
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz