• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен Үндістанның экономикалық саладағы ынтымақтастығы

Үндістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. 2005-2018 жылдардың ішінде Үндістаннан Қазақстан экономикасына жұмсаған инвестицияларының сомасы 317 млн. АҚШ долларын құрады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жаңа инвесторларды тарту үшін үнді іскерлік топтарымен және бизнесте ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін жұмысын жалғастыруда.

XII Астана экономикалық форумына және III жаhандық инвестициялық дөңгелек үстелге қатысу үшін 8 үнді компанияларының, оның ішінде 5 ұлтаралық компанияның бір мезгілдегі сапары бұған дәлел, оның барысында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілді.

Екіжақты келісімдердің табысты нәтижелерінің бірі Шымкенттегі «Dishey Land» сияқты отбасылық ойын-сауық саябағының құрылысы деп айтуға болады. Жоба аттракциондар саябағы, аквапарк, жабық ойын-сауық орталығы, қонақ үй, СПА, коттедж қалашығы, табиғи саябақ, гольф-клуб құрылысын қамтитын болады.

Бұл жобаның инвесторы - «CG Corp Global» ірі конгломератының иесі Бинод Чаудхари Алматыда әлемдік деңгейдегі парктерге ұқсас туристік кешен салуға қызығушылық танытты.

«RV Health care» компаниясы диабетке қарсы препараттар өндірісін реттеуді жоспарлап отыр. Бұл жобаны іске асырған жағдайда Қазақстан осы препарат бойынша 100% импортты алмастырады және аймақтағы инсулинді негізгі жеткізуші бола алады.

Сонымен қатар, үндістандық бірқатар компаниялармен тау-кен өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына және басқа салаларға тартуға келіссөздер жүргізілуде.

2019 жылдың соңғы 5 айында Қазақстан Республикасының Сыртқы саяси ведомствосы әлеуетті үндістандық инвесторлардың қатысуымен шамамен 10 жаңа жобаны анықтады.

Осылайша, үндістандық бизнес бүгінгі таңда Қазақстанның экономикасына ерекше белсенділік пен қызығушылық танытуда. Өз кезегінде, экономикалық дипломатия жұмыс істеудің тұрақты механизмін қолдана отырып, екі жақты ынтымақтастықты арттыруды жалғастыруда.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/sotrudnichestvo-kazakhstana-i-indii-v-ekonomicheskoy-sfere/