Қазақстан-Венгрия форумында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен және экспорттық әлеуетімен таныстырды
Венгрияның вице-премьері - Қаржы министрі Михай Варганың Қазақстан Республикасына жасаған сапары барысында Қазақстан-Венгрия инвестициялық бизнес-форумында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуеті, бірлескен ынтымақтастықтың артықшылықтары мен сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі дамытудың келешегі талқыланды.
Аталған іс-шараға екі елдің іскер топтарының 150-ден астам өкілдері, соның ішінде 100 венгерлік бизнес өкілдері қатысты.
Бизнес-форум аясында ынтымақтастық туралы 11 келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар, форум шеңберінде қазақстандық және венгерлік кәсіпкерлер арасында екі жақты кездесулер өткізілді, кездесу барысында агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, химия өнеркәсібі және машина жасау саласында ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Бүгінгі күні елімізде венгерлік капиталдың қатысуымен 60-тан астам кәсіпорын жұмыс істеп тұр.
Еске сала кетейік, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында Венгрия отандық экономикаға шамамен $200 миллион инвестиция салды.
Қазақстан мен Венгрия арасындағы тауар айналымы 2018 жыл - 2019 жылдың 1-ші тоқсаны ішінде $155,4 құрады.
Қазақстаннан Венгрияға 2018-2019 жылдар ішіндегі экспорт көлемі $28,2 млн. жетті. Венгриядан Қазақстанға келетін импорт өткен және ағымдағы жылдың басындағы кезең ішінде- $127,2 миллионды құрады.