Венгрия бизнесі ҚР сүт зауытының құрылысына инвестиция салады
Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрияның іскер топтарын республикада өз қызметін кеңейтуге шақырды, деп хабарлайды Интерфакс-Казахстан. Осылайша, Венгриядан келген инвесторлардың қатысуымен Қазақстанда сүт зауытының құрылысы басталады.
«Біздің елдеріміздің экономикалық дамуына ықпал ететін инвестициялық жобалардың санын көбейтуге мүдделіміз. Сондықтан, мен венгерлік іскер топтарды Қазақстанда белсенді қызметін кеңейтуге шақырамын. Бұл үшін біздің елде барлық қажетті жағдайлар бар. Бізде инвестициялық іскерлік климат қалыптасқан, әлемдік деңгейдегі қызметтерді ұсынатын «Астана» Халықаралық қаржы орталығы табысты жұмыс істеп тұр, Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нарығына қол жеткізу мүмкіндігіміз бар және орасан зор қытай нарығына тікелей шыға аламыз», - деді президент келіссөздер қорытындысы бойынша Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен өткен баспасөз конференциясында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тараптар «бұдан әрі жұмыс істеу туралы елеулі келісімдерге» қол жеткізді. Ол бүгінгі келіссөздер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің бес жылдығына арналғанын атап өтті.
«Бүгін Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбанмен біздің елдер арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытудың басым бағыттарын анықтадық», - деді мемлекет басшысы.
Өз кезегінде, Виктор Орбан соңғы жылдары елдердің қазақстандық-венгерлік бірлескен кәсіпорын құру үшін көп жұмыс істегенін атап өтті.
«Біз қазақстандық-венгерлік инвестициялық қор құрдық, ол өзінің алғашқы жемісін берді, өйткені біз ауыл шаруашылығы саласында өзіміздің алғашқы ірі инвестициямызды аша алдық. Екінші жоба да басталды, тек жүзеге асыру қажет. Біз сүт зауытын саламыз (Қазақстанда - ИФ-K)», - деді баспасөз конференциясында Виктор Орбан.
Сәрсенбіде Нұр-Сұлтанда Венгрия премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары болды. 29 сәуірде Нұр-Султан қаласында 100 венгерлік бизнесмендердің қатысуымен қазақстандық-венгерлік стратегиялық кеңесінің отырысы өтеді. Аталған іс-шара Қазақстанда тауар айналымының көлемін әрі қарай ұлғайту және кеңейту үшін жаңа құралдарды анықтауға мүмкіндік береді деп күтіледі.