• Мобильді үстемені жүктеу

Кореядан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны $7 млрд жетті

Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы 2018 жылы рекордтық 4 миллиард долларға жетті, тікелей инвестициялар ағыны шамамен 7 миллиард долларды құрады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иномен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерінде мәлім болды,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


 

«Екі ел арасындағы мәдени және сауда байланыстары Ұлы Жібек жолынан бері ғасырлар бойы өркендеп келеді. Біздің халықтардың тарихының жақындығы қазақ және корей тілдерінің бір орал-алтай тілдік тобына жататындығымен расталады», - деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық-оңтүстік кореялық қарым-қатынасты құру мен нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Елбасы екіжақты серіктестіктің бастауында тұрды. Ол біздің елдер мен халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықтың іргетасын қалады», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында екі елдің қарым-қатынастары барлық салаларда ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейіне көтерілгенін атап өтті. Ол Үкіметаралық комиссияның және қазақстандық-оңтүстік кореялық іскерлік кеңестің қызметін жоғары бағалады.

«Оңтүстік Корея сауда-инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты дамыту тұрғысында Қазақстан үшін он басым елдің бірі болып табылады. Өзара сауда айналым көлемдерінің ілгері артып келе жатқандығын атап өткен жөн. Өткен жылдың қорытындылары бойынша оның көрсеткіштері рекордтық 4 миллиард долларға жетті, бұл 2017 жылға көлемге қарағанда 2 еседен артық. Инвестиция саласындағы ынтымақтастық жоспарлы түрде жүйелі дамып келе жатыр. Кореядан Қазақстанға келетін тікелей инвестициялар ағыны шамамен 7 млрд. долларды құрады. Оңтүстік Кореялық бизнес азық-түлік, тау-кен өнеркәсібі, автокөлік және біздің экономикамыздың басқа да салаларында табысты жұмыс жасайды», - деді Қазақстан Президенті.

Корей диаспорасының екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өткен Мемлекет басшысы корей диаспорасының Қазақстандағы ең ірі этникалық топтардың бірі екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметі біздің елімізде тұратын корейліктердің этномәдени өзіндік ерекшеліктерін сақтауға жағдай жасауды жалғастыратынына сендірді.

Өз кезегінде, Корея Республикасының Президенті «Қазақстан-2050» Даму стратегиясына оң баға бере отырып, Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан Республикасы ең жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
«Қазақстан Корей түбегіндегі бейбітшілік процесін қолдайды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сіздің қолдауыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқаннан кейін экономикалық прогреске қол жеткізген ел. Бұл Корей түбегі үшін өте маңызды мысал болып табылады», - деді Мун Чжэ Ин.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі сапардың екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту тұрғысынан өте маңызды екендігін және мемлекет басшысы ретінде Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның достығын одан әрі нығайтуға жәрдемдесетінін айтты.

https://kapital.kz/economic/77681/pritok-pryamyh-investicij-iz-korei-v-kazahstan-dostig-7-mlrd.html