• Мобильді үстемені жүктеу

Испандық бизнес Қазақстанда жұмыс жасауға мүдделі

Испандықтар Қазақстанның жаңғырмалы энергия секторына инвестиция жұмсауға мүдделі, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл бағыттағы жобалар Мадридте іскерлік таңғы ас кезінде талқыланды. Қазақстанның делегациясы Испанияның экспорттаушылары мен инвесторлары клубының мүшелері болып табылатын Корольдіктің 30 жетекші компаниясының басшыларымен келіссөздер жүргізді. Бұл одаққа елдің ЖІӨ 20% артық бөлігін құрайтын ірі испандық компаниялар мен банктер кіретінін атап кеткен жөн. Жаңғырмалы энергетика саласында испандықтардың тәжірибесі көп және олар инвестиция жұмсаумен қатар, өздерінің ноу-хау бөлісуге дайын. Инвестициялау жағдайлары мен Қазақстанда қызмет ететін аукциондар жүйесі туралы жиналғандарға біздің делегаттар әңгімеледі. Республиканың 2050 жылы 50% электр қуатын баламалы көздерден алу жоспарын атап өтті. Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы, логистика және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

ҚР ЭМ Жаңғырмалы энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанова:

- Аукционға қатысып, жеңген инвесторлар бүкіл электр энергиясын сатып алуға 15-жылдық келісім-шартқа, яғни, оларға инвестицияларды кепілді түрде қайтарып алуға мүмкіндік беретін 15-жылдық off-take ие болады. Бұл үздік халықаралық тәжірибе. Испандық компаниялар Қазақстан нарығына әлі кірген жоқ. Еуропалық компаниялар әзір франциялық, британдық бизнеспен ұсынылған, алайда, испандық компаниялар көз қырын салуда. Олар қоятын нақты сұрақтар олардың біздің нарыққа қатысуға қызығушылығын көрсетеді.

Испанияның экспорттаушылары мен инвесторлары клубының президенті Антонио Бонет:

 - Қазақстан біз үшін өте маңызды ел. Ол Орталық Азия өңіріндегі ең үлкен мемлекет ғана емес, шетелдік бизнес үшін ең үлкен мүмкіндіктер ашатын ел. Сондықтан мен оң көзқараспен қараймын және Қазақстан – біздің инвестициялар үшін жақсы алаң деп санаймын. Бірақ, Қазақстанның нарығы әлі белгілі емес, сол себепті, мұндай таныстырулар мен сапарлар көбірек болғаны маңызды. Мұндай кездесулер бір бірімізді жақсырақ тануға және пайдалы ақпарат алуға көмектеседі.

 https://24.kz/ru/news/economyc/item/304224-ispanskij-biznes-zainteresovan-rabotat-v-kazakhstane