• Мобильді үстемені жүктеу

Варшавада Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтуде

Варшавадағы «Invest in Kazakhstan» бизнес-форумы барысында Қазақстанның инвестициялық әлеуеті және бизнес жүргізудің бәсекелік артықшылықтары таныстырылды.

Қазақстан делегациясының басшысы, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев Польшаның бизнес-қауымдастығын мемлекеттік қолдау шараларымен, оның ішінде, инвестициялық келісім-шарт, арнайы экономикалық аймақ және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы  шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шараларымен, сондай-ақ, «бір терезе» қағидасы бойынша идеядан бастап жүзеге асыруға дейін және инвестициядан кейінгі кезеңде инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша толық қызметтер ауқымын қамтамасыз ететін Kazakh Invest қызметімен таныстырды. Біржан Қанешев бұл мәнмәтінде компания жұмысының негізгі бағыттары – жаңа жобаларды анықтау, пысықтау және жергілікті серіктестерді іздеу, ірі шетелдік компанияларды таргеттеу, экономикаға инвестиция тарту және Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ілгері жылжыту болып табылатынын атап өтті.

Польшалық кәсіпкерлердің ерекше қызығушылығын Қазақстанда бизнес жүргізу мүмкіндіктері, «Қазақстан-2050» Даму стратегиясының, сондай-аө, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бойынша жолдауларының мәнмәтініндегі шетелдік инвестициялар үшін бәсекелес артықшылықтар тудырды.

Форумға ауыл шаруашылық, энергетика, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, тағам, химия, тау-кен-металлургия және фармацевтика өнеркәсіптері салаларының өкілдері болып табылатын қазақстандық және польшалық компаниялар қатысады. Қазақстандық компаниялар арасында - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ. Польша тарапы: Rohlig Suus Logistics SA, Polcotton, BGK, Bank Pekao, Plastiape, Mirbud, STX One, Polontex S.A., FCA, ZetTransport, Towarzystwo Inwestycyjne BTA, Pelion, DDB Group, Billon, Legato, HSH Chemie, Kabanek S.C., Mysak, JMR Europe, Instar ITS, Варшаваның қаржы және тауар биржалары және басқалар тәрізді компаниялармен ұсынылған.

Екі жақты кездесулер барысында бір қатар уағдаластықтарға қол жеткізілді. Солайша, АсылГрейн және Polcotton келіссөздерінің қорытындысы бойынша майлы дақылдарды өндіру және өңдеу бойынша жобаны пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. АХҚО және Варшавалық биржа (Warsaw Stock Exchange) өкілдерінің кездесуі шеңберінде тараптар ынтымақтастық туралы келісімге келді. «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және Bank Gospodarstwa Krajowego (BGK) кездесуінің күн тәртібі – жобаларды қаржыландыру бойынша ортақ ынтымақтастық шарттарын талқылау болды.

Форум ұйымдастырушылары - Қазақстанның Польшадағы Елшілігі және Польшаның Кәсіпкерлік және технологиялар министрлігінің, сонымен қатар, Польшаның инвестициялар және сауда жөніндегі агенттігінің қолдауымен польшалық Бизнес кеңеспен бірге «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ болып табылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның мақсаты – Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, екі елдің іскерлік серіктестері арасындағы әрекет етуші байланыстарды нығайту және жаңа тікелей байланыстарды ретке келтіру, инвестициялық жобалармен, мүмкіндіктермен, Қазақстандағы бизнеске арналған қолдау механизмдерімен таныстыру болып табылады.

«Форум Елбасы тапсырған әрекет етуін дипломатиялық қызметтерге экономикаландыру бойынша міндеттердің шеңберінде түрлендірілген сыртқы саяси ведомствоның бірінші нақты қадамына айналды», - деп атап өтті бизнес-форумның ұйымдастырушылары.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakhstansko-polskiy-biznes-forum-prokhodit-v-varshave/