• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстандық өнім алғаш рет Берлиндегі халықаралық«Жасыл апта-2019» ауыл шаруашылық көрмесінде ұсынылды

БЕРЛИН, 2019 жылғы 17 қаңтар – ҚР ГФР елшісі Б.Нүсіпов және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Аграглық кредиттік корпорация» АҚ және «Республикалық мал дәрігерлігі зертханасы» ШЖҚ РМК құрамындағы делегация қаңтардың 18 бастап 27 дейін Берлинде өтетін 84-ші «Жасыл апта-2019» ауыл шаруашылық және азық-түлік халықаралық көрмесінің ресми ашылу салтанатына қатысты.

Одан басқа, Берлиндегі сапарында а.ж. 17 қаңтарында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылық техникасы салаларындағы бір қатар жетекші неміс компанияларының жетекшілерімен екі жақты кездесулер өткізді, олардың ішінде: «Vion», «Claas», «Petkus» және «AGROTEC», ҚР ГФР Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған дөңгелек үстелге және «Қазақстанның аграрлық секторындағы неміс компанияларына арналған мүмкіндіктер» тақырыбындағы аграрлық-саяси сұхбатқа қатысты. 

Шара барысында неміс агробизнесінің өкілдері біздің еліміздің инвестициялық тартымдылығын атап өтіп, Қазақстан Үкіметіне жергілікті өндірушілерді ынталандыру мен олардың бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бойынша жоғары баға берілді. Сонымен қатар, АӨК бірлескен жобаларды жүзеге асыру болашағы талқыланды.

А.ж. 19 қаңтарында Берлинде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. Исаева басқарған делегацияның агромәдениет саласына цифрландыруды енгізу мәселелеріне арналатын, Азық-түлік және аграрий бойынша дүниежүзілік форумға қатысуы жоспарланған.

Анықтама: 
«Жасыл апта» халықаралық көрмесі жыл сайын неміс астанасында 1926 жылдан бастап өткізіледі. Көрмеде тамақ өнеркәсібінің: еттен және шұжық өнімдерінен бастап, жеміс, көкөніс және сусындарға дейін бүкіл ауқымын көруге болады. Сондай-ақ, мұнда тұқымдар, ауыл шаруашылық жабдығы, жылыжайлар мен сәйкес ілеспе тауарлар ұсынылған. Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, 2018 жылы көрмеге шамамен 400 000 мың қонақ келген, ал тауарларды өткізуден түскен түсім 50 млн. еуродан (57,2 млн. долл.) асқан.

 https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakhstanskaya-produktsiya-vpervye-predstavlenana-mezhdunarodnoy-vystavke-selskogo-khozyaystva-zele/