• Мобильді үстемені жүктеу

Польшалық кәсіпкерлер үшін Қазақстанның инвестклиматы тартымды

Польшалық бизнес Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін жоғары бағалайды.

Олар елімізді Азия қақпасы деп атап, ынтымақтастықтан зор болашақ күтеді. Ол туралы «Хабар 24» телеарнасына сұхбатында Польша Республикасының Кәсіпкерлік және технологиялар министрінің орынбасары Тадеуш Кощчиньски айтты. Оның айтуынша, поляктар инвестиция жұмсаумен қатар, тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Польшаның Кәсіпкерлік және технологиялар министрінің орынбасары Тадеуш Кощчиньски:

- Қазақстан Орталық Азиядағы тиімді орналасуы мен мемлекеттегі тұрақтылық себебінен польшалық инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін үлкен қызығушылық тудырады. Қазақстанда польшалық капиталдың қатысуымен 200 артық компания жұмыс істеуде. Сөз ірі инвесторлар жайлы да қозғалуда. Бұл польшалық бизнестің Қазақстан нарығында жұмыс істеуге күмәнсіз кіретінін білдіреді.


Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/284923-polskikh-biznesmenov-privlekaet-investklimat-kazakhstana
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz