• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан және Ливан сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты дамытпақ

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың Ливан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Жискард Аль-Хуримен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту сұрақтарын талқылады.

Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты құру және сауда-экономикалық әлеуетті өсірудің қажеттілігін атап өтті.

Елші Қазақстанның ірі кәсіпорындары үшін Ливан экономикасына инвестиция жұмсау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ливан Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім жобасының мәртебесі бойынша сұрақтар бастамаланды. Сонымен қатар, елші банк саласындағы заңнамалық база және Қазақстанда шетелдік банктер мен олардың филиалдарының қызметін жүзеге асыруға қатысты талаптар мәселелерін басталады. 

Вице-министр жүзеге асырылатын жекешелендіру бағдарламасы және елдің инвестициялық мүмкіндіктері жайлы, сонымен бірге, әлеуетті инвесторларға жасалатын жағдайлар жайлы әңгімеледі. Т.Тоқтабаев инвесторларға қолдау көрсетудегі «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының маңызын және жақында есігін ашқан «Астана» халықаралық қаржы орталығы түріндегі қосымша қолдауды атап өтті.  

Тараптар Қытайдың, Ресейдің және Достастыққа қатысушы басқа мемлекеттердің нарықтарына өнім жеткізу үшін Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін қосымша талқылады.

Қорытындылай отырып, тараптар сауда, экономика және инвестициялар салаларындағы ынтымақтастықты жалғастаруға келісті. Вице-министр ынтымақтастықты тереңдету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатыны жайлы хабарлады. Кездесу достық және конструктивтік атмосферада өтті.

http://mid.gov.kz/ru/news/kazahstan-i-livan-namereny-razvivat-sotrudnichestvo-v-sfere-torgovli-i-investiciy