• Мобильді үстемені жүктеу

Германияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Франкфурт-на-Майне қ. Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне, сонымен қатар, Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақтың ЕО серіктестігіне арналған конференция өтті. Құрметті қонақтар арасында – ГФР бұрынғы премьер-министрі Вольфганг Клемент болды.

Конференция барысында қатысушылар Қазақстанда өткізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалармен, неміс кәсіпкерлеріне арналған инвестициялық мүмкіндіктермен таныстырылды. Конференция қорытындылары бойынша Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі Германияның іскерлік топтарының өкілдерімен кездесулер өтті.

Одан басқа, сапар шеңберінде басқарушы директор Жандос Нұрланов жетекшілігімен «Kazakh Invest»  делегациясы ағымдағы жобалар мен кейінгі ынтымақтастық болашағын талқылау үшін ірі неміс кәсіпкерлерімен 10 артық кездесу өткізді.

Солайша, «Sinalco» компаниясының даму департаментінің жетекшісі Майкл Ясински Қазақстанда Еуропаның алкогольсіз сусындарының көне брендін өндіру жоспары жайлы әңгімеледі. «Sinalco» – алкогольсіз сусындардың танымал бренді. Өнім алғаш рет 1902 жылы сатылып, қазір 200 астам елде сатылуда.

«EVONIK» вице-президенті доктор Арне Хопп мырзамен кездесу барысында тараптар ҚР аумағында жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқыға салды. Evonik Industries AG – айналымы 3,9 млрд. еуроға жететін неміс ТҰК, оның 60% - Германия шектерінен тыс операциялар. Evonik Industries химия өнімдерін өндіру, энергетика және жылжымайтын мүлікті басқару бағыттарын біріктіреді.

Сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және Қазақстандағы қолданыстағы кәріз-тазарту құрылыстарын жаңа технологияларды пайдаланумен қайта құру бойынша МЖӘ жобаларын жүзеге асыру жөнінде «WABCO» және «FB Waste Recycling» неміс компанияларының басшылығымен кездесулер өткізілді.

http://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/investitsionnye-vozmozhnosti-kazakhstana-prezentovali-v-germanii/