• Мобильді үстемені жүктеу

«Kazakh Invest» басшысы Ливанның ҚР Елшісімен кездесті

Бүгін «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Ливан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Жискар Эл Хуримен инвестициялық ынтымақтастық болашағын талқылады. «Kazakh Invest» басшысы ливандық кәсіпкерлерге арналған Қазақстанның мүмкіндіктері жайлы айтты. Инвесторларға туризм, мұнай химиясы, инфрақұрылым және басқа салалардағы әлеуетті жобалар ұсынылды. Сапарбек Тұяқбаев инвестициялық жобаларды жете пысықтау үшін ливандық кәсіпкерлердің Қазақстанға сапарын ұйымдастыруды ұсынды.

Өз кезегінде Елші мырза ливандық бизнес-қауымдастық жаңа жобаларға инвестиция жұмсауға мүдделі екенін атап өтті. 
«Бұл біздің «Kazakh Invest» кеңсесіндегі алғаш кездесуіміз. Ливан Елшілігі мен біз - «Kazakh Invest» бірлесіп жұмысты үйлестіріп, Қазақстанға ливандық инвестицяларды тарта аламыз және елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайта аламыз деп ойлаймын», - деп атап өтті Жискар Эл Хури.

http://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/glava-kazakh-invest-vstretilsya-s-poslom-livana-v-rk/