• Мобильді үстемені жүктеу

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек басқарған қазақстандық делегация ҚХР-да болып қайтты

ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісім шеңберінде ҚР ИДМ және ҚХР РМК бірлескен инвестициялық жобаларды талқылау бойынша 15-ші кездесу өткізді. Диалог барысында тараптар индустрияландыру және инвестициялар саласындағы бірлескен жобалардың тізімін қарап шықты. Іс-шара ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігі және «KAZAKH INVEST» ҰК »АҚ қолдауымен ұйымдастырылды.

Сапар аясында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ағымдағы жобаларды жүзеге асыруды және әлеуетті инвесторлармен кейінгі ынтымақтастықтың болашағын талқылау үшін ірі қытайлық кәсіпкерлермен 10 артық кездесу өткізді. 

Бүгінгі күні қытайлық компаниялар жаңартылатын энергия көздері саласындағы қазақстандық жобаларға белсенді инвестиция жұмсауда. Universal Energy компаниясы жалпы сомасы шамамен $400 млн. құрайтын күн және жел электр станцияларын салу бойынша жобаларды жүзеге асыруда. Ағымдағы жылда Beijing Jiufang Tianhe New Energy Technology компаниясы да Маңғыстау облысындағы жел электр станциясының құрылысы жобасына инвестиция салды. Жобаны іске қосу 2019 жылға жоспарланған. Кездесулер барысында Қазақстанның күн энергетикасын дамыту саласындағы Canadian Solar и China Energy Engineering Corporation компаниясының басшылығымен кейінгі ынтымақтастық болашағы қарастырылды.

Бірлескен жұмыс болашағын талқылай отырып, Horgos Xingbang Trading Co. компаниясының басшылығы Қарағанды облысында электролитті марганецті өндіру бойынша зауыт құрылысының жоспарлары жайлы айтты. Зауыттың қуаттылығы жылына 60 мың тоннаны құрайды. Қытай тарапының инвестициялар сомасы $ 50 млн. артық. Қосылған құны жоғары өнімнің бұл түрі Қазақстан үшін инновациялық болып табылады.

China CAMC Engineering Co. Ltd. (CAMCE) басшылығымен кездесулер барысында тараптар Қостанай облысындағы ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу бойынша заманауи кешен құрылысын талқылады. Бұл жобаға жұмсалатын  инвестициялардың жалпы сомасы шамамен $300 млн. құрайтын болады.

Жоғарыда аталған кездесулер шеңберінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев сұхбат қатысушыларымен ҚР инвестициялық климатты жақсарту мәселелерін талқыға салды.

Анықтама:

«China Machinery Engineering Corporation» (CMEC) корпорациясы — негізі 1978 жылы қаланған, инженерлік жобалардың орындалуын жүзеге асыратын конгломерат. СМЕС кәсібі халықаралық инженерлік келісім-шарттар мен жалпы халықаралық сауда облысындағы 150 астам әр түрлі елдер мен өңірді қамтиды. Компанияның Қытайда 26 филиалы, сондай-ақ, Гонконгта және басқа елдерде 26 өкілдігі бар. 

«Universal Energy» компаниясы 2015 ж. құрылған. Компания таза энергия көздерін дамыту мен түрлендіру бойынша маманданады, қызметін АҚШ, Канада, Жапония, Малайзия, Непал, Лаос, РФ, Қазақстан, Дубай (БАӘ) тәрізді елдерде жүзеге асырады және Гонконгте, Моңғолияда, Ляонин, Чжэцзян, Цзянсу провицияларында еншілес кәсіпорындары бар. Компанияның жарғылық капиталы – 100 млн. юань (шамамен $15,87 млн.).

«Beijing Jiufang Tianhe New Energy Technology» компаниясы 2011 жылдың тамызында құрылған. Қызметінің негізгі бағыты – ЖЭК саласындағы жобаларға инвестиция жұмсау, салу және техникалық сүйемелдеу. Орнатылған энергетикалық қуаттылықтардың жалпы көлемі 500 МВт. Қызметкерлер саны 500 адам. 

China Energy Engineering Corporation Ltd (CEEC) Қытай энергетикалық инжинирингтік корпорациясы – штаб-пәтері Пекинде орналасқан қытайлық мемлекеттік энергетикалық конгломерат. 2011 жылы құрылған және Қытайдың, сондай-ақ, бүкіл әлемнің энергетикасы үшін кешенді шешімдердің ірі жеткізушілерінің бірі болып табылады. СЕЕС Forbes Global 2000 рейтингінде 754 орында және Fortune Global 500 тізімінде 312 орында. Активтері 52,8 млрд. АҚШ долл. құрайды. Табыстары - 34,8 млрд. АҚШ долл.

 https://invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakhstanskaya-delegatsiya-vo-glave-s-ministrom-po-investitsiyam-i-razvitiyu-rk-zhenisom-kasymbekom/