• Мобильді үстемені жүктеу

«KAZAKHINVEST» Ұлттық Компаниясының басшысы ГФР Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

7 қараша күні Астана қаласында «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Сапарбек Тұяқбаевтың ГФР Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннермен екі жақты кездесуі болып өтті. Кездесу барысында тараптар неміс инвестицияларын Қазақстан экономикасының басым салаларына тарту аясында өзара қарым-қатынасты талқылады.

Кездесу барысында «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ басшысы Сапарбек Тұяқбаев Германия инвестицияларды тартуда, атап айтқанда азық-түлік өнеркәсібі саласына, 11 басым елдің тізіміне енетіндігін айтып өтті. Бүгінгі таңда «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ құс, сиыр етін өңдеу, балалар тағамы және тәтті тағамдар саласында тауашалы тизерлерімен жұмыс жасауда. Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін компания неміс бизнесмендеріне отандық кәсіпкерлердің қатысуымен сенімді серіктестер ұсынуға дайын. Басқарма Төрағасы Қазақстанның инвесторларға ауқымды сыртқы нарықтарға шығуды ұсынып отырғандығын атап айтты. Мысалға, көршілес Қытай елі жыл сайын 7 миллион ет импортқа шығарады. Бұл шикізатқа бай Қазақстанда шығарылған  ет өнімдері өндірісі үшін де әлеуетті сату нарқы.

«KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ төрағасы экспортқа бағдарланған инвесторларды тарту үшін Қазақстанның Даму Банкі мен «Казах Экспорт» Ұлттық Компаниясының қаржы құралдарын қолдануды ұсынды, сондай-ақ аймақтарда жұмыс істеп тұрған инвесторларға олардың қызметтерінде көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді. Тараптар металлургия, машина жасау, химиялық өнеркәсіп және инфрақұрылымдық жобалар саласында бұдан әрі ынтымақтастық жасау мүмкіндігін қарастырды. Неміс бизнесін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары мен PWC және Deloitte компаниялары дайындаған инфрақұрылымдарына Қазақстанға тарту жоспарлануда.

Кездесу қорытындысы бойынша диалогқа қатысушылар алдағы екі жақты іс-шаралар, оның ішінде Майндағы Франкфурт қаласындағы (23 қараша) инвестициялық конференция мен Қазақстандық-Герман Іскерлік Кеңесін (7 желтоқсан) ұйымдастыру  мәселелерін талқылады.

https://invest.gov.kz/media-center/press-releases/glava-natsionalnoy-kompanii-kazakh-invest-vstretilsya-s-chrezvychaynym-i-polnomochnym-poslom-frg-/