• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан және Эстония ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда

Бүгін Астанада екі елдің іскерлік топтарының шамамен 120 өкілінің қатысуымен Қазақстан-Эстония бизнес-форумы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев және Эстония Республикасының Премьер-Министрі Юри Ратас ашты.

Эстония Республикасы Қазақстанның Солтүстік Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады. Елдер арасындағы сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың 8 айында 21,8 млн. АҚШ долл. құрады. Бүгінде Қазақстанда эстониялық капиталдың қатысуымен 70 жуық компания қызмет етеді.

Өзара тауар айналымын арттыру мақсатында Қазақстан мен Эстония екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты транзиттік-көлік саладағы, экологиялық және энергия үнемдеу технологиялар, су үнемдеу, сондай-ақ, Эстония Еуропа одағында жоғары позицияларды иеленетін ІТ-технологиялар салаларындағы өзара әрекеттесуді белсендетуге ниетті.

Бизнес-форумның басты мақсаты – жаңа іскерлік серіктестерді іздеуге көмектесу, эстониялық бизнес өкілдерін Қазақстанның инвестициялық климаты жайлы ақпараттандыру. Іс-шара барысында «KazakhInvest» ҰК» АҚ өкілдері Қазақстанның инвестициялық жобаларын таныстырып, өз кезегінде «Enterprise Estonia» инвестициялық агенттігі  Эстония тарапының жобаларын ұсынды.

Бизнес-форум қорытындылары бойынша екі жақты құжаттарға қол қойылды.

 http://mid.gov.kz/ru/news/kazahstan-i-estoniya-prodolzhat-razvivat-sotrudnichestvo