Еуропалық кәсіпкерлер Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастыққа мүдделілігін растады
Брюссельде Берлин Еуразиялық Клубының 24-ші отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» хатшысы.
12 жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған форум екі жақты өзара әрекеттесу мәселелерін талқылауға арналған беделді сұхбат алаңына айналды. Бұл кездесудің тақырыбы – «Жаңа Жібек жолы: Қазақстан – Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көлік, транзиттік және энергетикалық хаб». Оған еуропалық компаниялардың, ЕО және Қазақстанның экономикалық, қаржы және ғылыми ұйымдарының 50 артық өкілі қатысты.
Берлин Еуразиялық Клубының отырысын ашу кезінде Қазақстанның ГФР елшісі Болат Нүсіпов Президент Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айқындалған, ел дамуының басымдықтары жайлы әңгімеледі. Қойылған міндеттердің бірі Қазақстанның жаңа Жібек жолындағы континенттік көлік-логистикалық торап ретіндегі маңызын арттыру болып табылады, - деді қазақстандық дипломат.
ҚР-ның ГФР-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов:
- Қазақстан мен Германияның ғана емес, Қазақстан мен Еуроодақтың ынтымақтастығына қатысты өте қызықты ұсыныстар айтылды. Қорытындылар бойынша қызығушылықтың жоғары екенін, Қазақстан өзін Еуразияның маңызды энергетикалық және көлік-транзиттік хабы ретінде айқындайтынын айтуға болады.
«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев:
- Бүгін біз Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ тәрізді ірі жобаларда, сонымен қатар, бір қатар теңіз жобаларында және еуропалық компаниялармен жұмыс істейміз. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жақсарту үшін жүргізетін жұмысты байқадық. Мәжілік жақында қабылдаған Жер қойнауы туралы жаңа кодекс барлау және өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттарды алуды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтегі елшісі, ЕО және НАТО жанындағы өкілдік басшысы Айгүл Құспан форум қатысушыларына Қазақстан Президентінің Брюссельге сапарының қорытындылары, ЕО және Азия мен Еуропа елдерінің басшыларымен, сондай-ақ, еуропалық бизнес өкілдерімен кездесулері жайлы әңгімеледі. Қазақстанның Елбасының ASEM 12-ші саммитінде ұсынған бастамалары отырыс қатысушыларының қызығушылығын тудырды. Еуропаның сыртқы әрекет қызметінің Орталық Азия бойынша дивизионының басшысы Борис Ярошевич Нұрсұлтан Назарбаевтың «Азия-Еуропа» форумына қатысуын және оның Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкермен кездесуінің қорытындыларын жоғары бағалады. Ол Қазақстанның ЕО Кеңейтілген серіктестік туралы келісім жасаған өңірдегі жалғыз ел болып табылатынын және Қазақстанның ЕО Азиямен өзара байланыстылықты дамыту жөніндегі стратегиясын болашақ жүзеге асырудағы басты ойыншы болып табылатынын атап өтті.
Германия экономикасының Шығыс комитетінің басқарушысы Михаэль Хармс:
- Біз арамыздағы екі жақты ынтымақтастықты өте жағымды бағалаймыз. Былтыр және биыл арамыздағы тауар айналымы айтарлықтай өсті. Қазақстан жағынан өте қызықты жоба – темір жол көлігін дамыту. Бұл Жаңа Жібек Жолының шығыс қақпасы ретіндегі «Хоргос-Шығыс». Мен бұл жобаны өте қызықты санаймыз, логистика болса, өндіріс те орналастырылатын болады.
Жанат Эрнст, хатшы, Twitter@ZhanatErnst:
- Брюссельдегі Берлин Еуразиялық Клубының 24-ші отырысының қорытындылары бойынша еуропалық кәсіпкерлер және саясаткерлер Қазақстанмен кейінгі инвестициялық, сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастыққа мүдделілігін білдірді.
Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов
Дереккөз: https://24.kz/ru/news/economyc/item/274660-evropejskie-biznesmeny-podtverdili-zainteresovannost-v-investitsionnom-sotrudnichestve-s-kazakhstanom
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz