• Мобильді үстемені жүктеу

Тікелей инвестициялар қоры шетелдік инвесторлар үшін ірі жобаларды жүзеге асырудағы кепіл болады – Ж.Қасымбек жолдауды орындау туралы

Ол туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығының алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты. Оның айтуынша, Қор ірі жобаларды жүзеге асырудағы тұрақтылық пен сенімділікке кепілдік беретін болады.

Ұлттық банктің статистикалық мәліметтері бойынша, 2005 жылдан бастап Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар көлемі $265 млрд. құрады. ҚР ИДМ мәліметтері бойынша бұл Орталық Азияға келетін жалпы көлемнің 70% тең.

«Мұнда біз көшбасы болып табыламыз, осы кезеңде шамамен 50-55% тау-кен өндіру өнеркәсібіне,15% - өңдеу өнеркәсібіне ұстауға тура келеді. Егер индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруды бастау кезеңінде инвестициялардың 8,5-9% жыл сайын өңделуге түссе, өткен жыл қорытындылары бойынша бұл көлсеткіш 25% жетті. Өсім айтарлықтай және оның ары қарай өсуін байқаудамыз. Өңдеудегі физикалық көлем және инвестициялар үлесі қарқынды өсуде», — дейді Ж. Қасымбек.

Инвестициялар және даму министрі сондай-ақ Елбасының Шикізаттық емес салада ірі жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлармен тең қаржыландыру қағидатымен жұмыс істейтін тікелей инвестициялар қорын құру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде мемлекеттік органдармен және ұлттық холдингтармен бірлесіп жұмыс тобы құрылғанын және халықаралық сарапшыларды шақыру жоспарланғанын атап өтті.

«Бұл халықаралық тәжірибе, шетел инвесторы Қазақстанға келуі үшін, оған инвестицияларды кепілі болатын нақты қор немесе мемлекеттік қатысуы бар компания тұлғасында сенімді серіктес қажет. Бұл Қор ірі жобаларды тең қаржыландыру үшін құрылатын болады», — деді ол.

Министрдің айтуынша, Қор жобаларды жүзеге асырудағы тұрақтылық пен сенімділікке кепілдік беретін болады.

«Мысалы, жобаның белгілі құны бар, алайда, 10-15% мемлекет тарапынан осы Қор арқылы қатысушылықты қажет етеді. Шетелдік инвестор үшін бұл мемлекеттің тұрақтылыққа, осы жобалардың жүзеге асырылуын қолдауына кепілдік беретінінің белгісі. Бұл қорлар Ресейде қызмет етеді, ұқсас қорлар Қытайда, көптеген еуропалық елдерде бар, сондықтан әлемдік тәжірибе бар және біз оған негізделетін боламыз», — деп қостаты Ж. Қасымбек.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Шикізаттық емес салада ірі жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлармен тең қаржыландыру қағидатымен жұмыс істейтін тікелей инвестициялар қорын құру мәселесін қарастыруды тапсырғанын еске салған жөн.

http://mid.gov.kz/ru/news/fond-pryamyh-investiciy-budet-garantom-dlya-inostrannyh-investorov-v-realizacii-krupnyh