Еуропалық іскерлік топтар өкілдерімен кездесу
Кездесу қатысушыларының алдындағы сөзінде Елбасы Еуропа елдерінің Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялар серіктестері болып табылатындарын атап өтті.
- Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға Еуропадан шамамен 180 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестициялар тартылды. Біз Еуропа қайта құру және даму банкімен тығыз қызметтестіктеміз, осы уақыт ішінде ол жалпы сомасы 7 млрд еуродан артық жобаларды қаржыландырды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Еуропа елдерімен тауар айналымы соңғы жылдары тұрақты өсіп келе жатқанын және біздің елімізде әр түрлі салаларда еуропалық капиталдың қатысуы бар шамамен 3000 кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті.
- Біздің ірі серіктестер арасында «Альстом», «Линде Груп», «Эр Ликид», «Данон», «Викат», «Хайдельбергцемент» компаниялары бар, олар табысты жұмыс істеуде, заманауи өндірістер ашуда, жұмыс орындарын құрып, пайда түсіруде, - деді Елбасы.
Еуропалық өнімді өткізу нарықтарын кеңейту мәнмәтінінде Нұрсұлтан Назарбаев келген кәсіпкерлерге Қазақстанның орналасуының географиялық артықшылықтары жайлы әңгімеледі.
- Қазақстан арқылы 5 темір жол және 6 автомобиль халықаралық бағдары өтеді, олар Қытай мен Азияның басқа елдерін Еуропамен Ресей, Каспий теңізі және Қара теңіз арқылы, сонымен қатар, Иран мен Түркия арқылы қосады. Енді жүктерді Еуропаға Қытайдан Қазақстан арқылы жеткізу және кері қайту теңіз жолымен салыстырғанда, 4 есе аз уақытты алады, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Елбасы инвестициялық климатты жақсарту және бизнес жүргізу үшін жағымды жағдай тудыру мәселелеріне жеке тоқталды.
- Қазақстан ЭЫДҰ Инвестициялар жөніндегі комитетінің қауымдастырылған мүшесі болып табылады және Халықаралық инвестициялар туралы декларацияға қосылды. Бізде Президенттің жанындағы Шетел инвесторларының кеңесі қызмет етеді, ондағы 33 мүшенің арасында 13 шетелдік компания Еуропа өкілдері болып табылады. 62 елдің, оның ішінде, 33 еуропалық елдің азаматтары үшін визасыз режим енгізілген, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Экономика салаларын цифрландырудың және инновациялық экожүйені дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Елбасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
- Назарбаев Университеті және Инновациялық технологиялар паркі тәрізді инновациялық кластерлер қызмет етеді. Биыл Астанада қажетті инфрақұрылымы бар «Астана Хаб» ІТ-стартаптардың Халықаралық технопаркі жұмыс істей бастайды, ол бүкіл әлемнің ІТ-кәсіпкерлері мен инвесторларын тарту орталығына айналады. Технопарк қатысушылары жеңілдетілген визалық және еңбек режимдерін пайдалана алады, сондай-ақ, оларға салық жеңілдіктері ұсынылады, - деді Қазақстан Президенті.
Одан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ірі компанияларының ІРО шығуы мәнмәтініндегі еуропалық инвесторлар әлеуетінің және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанның Президенті АӨК қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылық өндірушілерін қолдау туралы әңгімеледі және бұл саладағы негізгі басымдықтар – жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыру және кейінгі экспорттаумен, ауыл шаруашылық өнімін өңдеу болып табылатынын атап өтті.
- Біз туризмді дамытуға үлкен мән береміз. Бізде Туристік саланы дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Қазақстанның жер бедерінің сан алуандығы, бай мәдениеті мен тарихы, еуропалық компаниялардың осы саладағы үлкен тәжірибесі өзара тиімді болуы мүмкін, - деп атап өтті Елбасы.
Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларға ЭКСПО инфрақұрылымының негізінде жұмыс істейтін және елдегі және өңірдегі «жасыл» технологияларды жүзеге асыруға септігін тигізетін Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық жайлы айтты.
- Астанамызда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастады. Оның құқықтық мәртебесі Конституциялық заңмен бекітілген, ал жұмыс тілі – ағылшын тілі болып табылады. АХҚО қатысушыларына 50 жылға дейін салық жеңілдіктері, жеңілдетілген валюталық, визалық және еңбек режимдері ұсынылған. Бұл – қызметі ағылшын құқығына негізделген өңірдегі жалғыз орталық. Сіздердің компанияларыңызды АХҚО жұмысына қатысуға шақырамын, - деп үндеді Қазақстан Президенті.
Қорытындылай келе, Елбасы болған кездесудің елдер арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтанынына сенім білдіріп, барлығына табыс, жақсылық және өркендеу тіледі
http://mid.gov.kz/ru/news/vstrecha-s-predstavitelyami-evropeyskih-delovyh-krugov