Қазақстанда 400 британдық компания жұмыс істейді
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда айналымы 2% өсіп, 1 мдлр. 300 млн. долларды құрады.
Ол туралы Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады. Оның айтуынша, Президент Жолдауында аталған инвестиция мәселелері біртіндеп шешілуде. Елдер білім беру, қаржы ортасын, машина жасау және азаматтық авиацияны қоса, көптеген салаларда белсенді қызметтесуде.
Республикада бүгінде 400 британдық компания жұмыс істейтінін атап кеткен жөн. Олар өнеркәсіп, қаржы, заң және технологиялық салаларды қамтиды.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек:
- Британия біз үшін үлкен инвестор. Қазақстанға жалпы инвестициялардың 5% құрайды, инвестор елдердің арасында 6 орынды алады. Бүгін біз бір қатар ірі жобаларды талқыладық, оның ішінде, ауыл шаруашылығында бұл етті өңдеу бойынша жобаны бірлесіп жүзеге асыру. Тау-кен саласындағы мәселелер талқыға салынды.
Источник: http://24.kz/ru/news/economyc/item/270100-400-britanskikh-kompanij-rabotayut-v-kazakhstane
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz