• Мобильді үстемені жүктеу

Kazakh Invest UK Export Finance Британдық экспорттық-кредиттік агенттігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

8 қазан күні қазақстандық-британдық үкіматаралық комиссия аясында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен UK Export Finance Британдық экспорттық-кредиттік агенттігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар атынан «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және Министр Дж. Холлингберри қол қойды.

Меморандум энергетика, көлік, автомобиль және темір жолдар, тау-кен және су жобалары саласындағы қазақстандық жобаларға 2,5 миллиард фунт стерилингке дейінгі көлемде қаржыландыруды тартуға бағытталды. Кредиттеудің жалпы сомасы жобаның жалпы құнынан 85% дейін жетуі, кредиттеу мерзімдері 2 жылдан 10 жылға дейін, пайыздық мөлшерлеме 1,5 бастап 3,5% дейін құрауы мүмкін. Қарыздың ұлттық валюта – теңгеде ұсынылатынын атап кеткен жөн.

Тараптар Меморандумның Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігінің арасындағы коммерциялық байланыстарды бекітудің маңызды механизміне айналатынына, екі жақты инвестициялар көлемін арттыруға негіз болатынына үміттенеді.

Меморандум аясында Тараптар Қазақстан Республикасының өнеркәсібінің басым секторларында ірі жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру жайлы келісті. Тараптардың өзара күш жұмсауы сумен жабдықтау, су тарту, суландыру, мұнай-газ химиясы, тау-кен металлургиясы, агроөнеркәсіптік кешен, медицина салаларына бағытталатын болады.

Кездесу барысында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев «Kazakh Invest» құзыреттерінің шектерінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі бойынша UKEF бастамаларын қолдауға және оларды жүзеге асыру үшін жағымды жағдай тудыруға септігін тигізуге ниетін білдірді. 

Анықтама:

Ұлыбритания тауар айналымының көлемі бойынша ҚР топ-10 сауда серіктестерінің, сондай-ақ, алты ірі инвесторларының құрамына кіреді, ол тартылған шетелдік инвестициялардың барлық көлемінің 5% құрайды. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екі жақты сауда айналымы 2017 ж. 1,5% өсіп, $1,28 млрд. құрады. Экспорт $926,7 млн. дейін өсті. 2018 ж. бірінші тоқсанында өзара сауданың жалпы айналымы $252,6 млн, экспорт пен импорт сәйкесінше $158,8 млн және $93,8 млн құрады. ҚР британдық қатысуы бар 800 артық заңды тұлға, филиал және өкілдік тіркелген.

 

https://invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakh-invest-podpisal-memorandum-o-sotrudnichestve-s-britanskim-eksportno-kreditnym-agentstvom-uk-e/