• Мобильді үстемені жүктеу

Нью-Йоркте «Өзгерістер үстіндегі Еуразиядағы Қазақстан» инвестициялық конференциясы өтуде

Нью-ЙорктеҚазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

Бүгін Нью-Йоркте «Өзгерістер үстіндегі Еуразиядағы Қазақстан» тақырыбындағы инвестициялық конференция басталды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиев бастаған қазақстандық делегация Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Шараға 250 артық ірі халықаралық корпорациялардың өкілдері қатысты, олардың ішінде «Backer & McKenzie», «Сhevron», «GE Transportation Digital», «RocketSpace Capital» және т.б.

Конференцияның ашылуында Қазақстан тарапынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев алғы сөз сөйледі. Америка Құрама Штаттары қашан да Қазақстанның стратегиялық маңызды серіктесі болды. Америка мен Қазақстан 26 жыл ішінде өзара сенімнің, серіктестіктің теңдессіз деңгейіне қол жеткізді.

“Бүгін мен осы жерге өте маңызды миссияны – екі елдің көшбасшылары Ақ үйде қол қойған келісімдердің орындалуын қамтамасыз етуге келдім. Қазіргі таңда елдеріміз үшін қалыптасып жатқан оң үрдістерге сүйеніп, инновациялар мен білім саласындағы жобаларға көшудің уақыты жетті.

Соңғы бірнеше жылда Қазақстан реформалардың елеулі бағдарламасын аяқтады, бұл іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ, елімізді аймақтық әрі жаһандық сауда саласына кіріктіруге жол ашты», — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Қазақстанның экономиканың ақпараттық технологиялар, кен өндіру және металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы тәрізді шикізаттық емес секторларында, сонымен қатар, азық-түлік, химия және мұнай химиясы өнеркәсібінде перспективалары зор. Қазақстанда әртараптандырылған, білімге негізделген экономикаға көшу тұрғысынан цифрландыру бағдарламасы белсенді түрде енгізіліп жатыр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында адам капиталын дамыту, цифрлық үкімет пен цифрлық экономиканы құру, еліміздің барлық түкпір-түкпірін кең жолақты байланыс желісімен қамтамасыз ету, сондай-ақ, инновациялық экожүйені қолдау бойынша түрлі шаралар қабылданып жатыр.

“Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен біз халықаралық АТ-стартаптар технопаркін құрдық (Астана Хаб). Бұл АТ-компаниялар, инвесторлар мен басқа да тұлғалар үшін цифрлық дамуды қолдаудағы бірегей мүмкіндік. Оның ресми ашылуы биылғы жылдың 5 қарашасына жоспарланып отыр. Мен сіздерді осы маңызды оқиғаға шақырғым келеді. Америкалық серіктестерімізді біздің ауқымды жоспарларымызды барынша пайдалануға шақырамыз. Біз инвестициялық ынталандыру мен мемлекеттік қолдауды пайдалануға, Қазақстанға инвестициялар салуға әзір баршаны қуана қолдаймыз», — деді А. Жұмағалиев.

Сонымен қатар, конференция алаңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиев «Chevron» компаниясының Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыс аймақтарындағы барлау мен кен өндіру жөніндегі президенті Т. Левимен, «Theia Group» компаниясының бас атқарушы директоры C. О’Ниллмен, «Baron Services» компаниясының атқарушы вице-президенті Р. Баронмен, «RocketSpace Capital» компанияның тең иесі Л. Каганмен, «Network 1 Financial» компаниясының бас атқарушы директоры Р. Хантомспен, «W.R. Grace» компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры К. Коулмен, сонымен қатар «Verno Capital» компаниясының инвестициялар жөніндегі бас стратегі Р. Нэшпен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Энергетика, көлік және логистика, ақпараттық технологиялар және сауда саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Қазақстандық тараптан кездесулерге сонымен қатар Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және өкілетті елшісі Е. Қазыханов, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі А. Қабыкенов, ҚР энергетика вице-министрі Б. Ақшолақов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ» басқарма төрағасы С. Тұяқбаев, «ТДҰА» АҚ басқарма төрағасы М. Омаров және басқалары қатысты.

Конференция барысында «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов АХҚО-ның жұмыс істей бастауын және Kazakh Invest инвесторларға қолдау көрсетуге бағытталған халықаралық және аймақтық өкілдіктер желілерінің дамып келе жатқанын ескере отырып, шараға қатысушылармен Қазақстанда халықаралық бизнесті жүргізу және дамыту үшін бар мүмкіндіктерді талқылады.

Форум қорытындылары бойынша бір қатар келісімдер жасау жоспарлануда.

 

https://invest.gov.kz/media-center/press-releases/investitsionnaya-konferentsiya-kazakhstan-v-menyayushcheysya-evrazii-prokhodit-v-nyu-yorke/