• Мобильді үстемені жүктеу

Цзянсу провинциясының Чанчжоу қ. «Бір белдеу, бір жол» бастамасының аясындағы ынтымақтастық бойынша конференция

2018 ж. 28 қыркүйегінде «Kazakh Invest» АҚ ҚХР Бас өкілі Қуаныш Амантай Чанчжоу қ. кәсіпорындарының «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бойымен орналасқан елдермен экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілету шарасына қатысты. Шараны Цзянсу провинциясының Чанчжоу қ. Үкіметі ҚР Бас консулдығының, сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Шанхай қ. бас консулдықтарының қолдауымен ұйымдастырды.

Шара барысында «Kazakh Invest» АҚ ҚХР Өкілдігі Чанчжоу қ. және Цзянсу провинциясының кәсіпорындарын ҚР инвестициялық климатымен, ҚР экономикасының басым салаларын, шетелдік инвесторларға, ҚР мен ҚХР арасындағы инвестициялық ынтымақтастыққа арналған жеңілдіктер мен артықшылықтарды таныстырды.

Шараға өңірдің Trina Solar (ҚХР және әлемдегі күн панельдерінің ірі өндірушілерінің бірі), Jiangsu Zhihengda Investment Group, Dongfeng Agricultural Machinery Group (ҚХР ауыл шаруашылық техникасының ірі өндірушілерінің бірі), Jinsheng Group (ҚХР ірі тоқыма компанияларының бірі), Restar Solar (күн энергетикасы), Changfa Group (ауыл шаруашылық жабдығы, тоңазытқыш жабдықтары мен кондиционерлерге арналған толымдауыштар) тәрізді компаниялардың өкілдері және басқалар қатысты.

Барлығы шараға шамамен 60 қытайлық компания қатысты. 

 Шара қорытындылары бойынша Шанхай қ. Бас консул Ж.Қыраубаевпен бірге Чанчжоу қ. мэры Дин Чунмен кездесу өтті. ҚР және Чанчжоу қ. алдыңғы қатарлы компаниялары арасындағы ынтымақтастықты ретке келтіру болашағы талқыға салынды. Кездесу аясында қазақстандық тарап іскерлік климатпен танысу және қазақстандық кәсіпорындармен байланыс орнату үшін Чанчжоу қ. жетекші кәсіпорындарының ҚР сапарын ұйымдастыруды ұсынды. 

Чанчжоу қаласы Цзянсу провинциясының ең дамыған қалаларының бірі болып табылады. Халық саны - шамамен 5 млн. адам. 2017 ж. қаланың ЖІӨ 668 млрд. юаньді (шамамен 98 млрд. долл.), жан басына шаққандағы ЖІӨ – 20 мың юаньді (шамамен 2,9 мың долл.) құрады. Өнеркәсіптің ең дамыған салалары – машина жасау (арнайы және ауыл шаруашылық техникасын өндіру, робот техникасы, электроэнергетикаға арналған жабдықты өндіру, пойыздар мен вагондар өндіру), күн энергетикасы (күн панельдері мен толымдауыштарын өндіру), жеңіл өнеркәсіп (жиһаз және құрылыс материалдарын өндіру), ауыл шаруашылығы және тағам өнеркәсібі.

Қала шетелдік елдермен белсенді қызметтесуде. Германия, Швейцария, Израиль тәрізді елдермен бірлескен өнеркәсіптік, технологиялық және инновациялық парктер құрылған. Қалада шетелдік капиталы бар 3800 кәсіпорын қызмет етеді, олар 107 артық ел және өңірді қамтиды, шетелдік инвестициялар көлемі 33,2 млрд. долларды құрайды. Әлемнің 500 ірі компаниясының 65 компаниясы Чанчжоу қ. 110 жобаны жүзеге асырды, олардың арасында: BOSCH, ABB, Fujitsu, Itochu, Hitachi, Komatsu, Kawasaki, Marubeni, Suzuki, Toshiba, Toyota, Total, GE, Siemens, Bridgestone, Goodyear, AGCO, TyssenGroup және басқалар.

http://invest.gov.kz/media-center/press-releases/konferentsiya-po-sotrudnichestvu-v-ramkakh-initsiativy-odin-poyas-odin-put-v-g-chanchzhou-provintsii/