• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің тұсаукесері Мәскеуде өтті

Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері  Мәскеуде B2B форматында өткізілген кездесуде ынтымақтастықты жақсартуда. 

Сауда-экономикалық миссия аясында Ресей астанасында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы еліміздің инвестициялық әлеуетін таныстырды. Екі мемлекеттің бизнесмендері электротехника, тұрмыстық химия, тамақ өнімдері өндірісі саласындағы жалпы перспективаларды талқылады. Қазақстандық өндірушілер кондитерлік өнімдерді, шұжық және ет деликатестерін, тез әзірленетін тағамдар, табиғи бал, ашымал сүт өнімдері өндірушілер өз тауарларын көрсетті. Мәскеулік ритейл-жүйелердің өкілдері Қазақстаннан келген әлеуетті әріптестерінің өнімдерін көріп, дәмін көру мүмкіндігіне ие болды.

Бауыржан Сартбаев, ҚР-ның РФ-дағы сауда өкілі:

- Бұл қазақстандық тағам өндірушілерге ресейлік ірі ритейлерлармен тікелей байланысқа шығу және оны жақсарту үшін тамаша мүмкіндік. Біз жаңа ғана бірнеше қазақстандық және ресейлік компаниялардың шарттарға қол қойғанының куәсі болдық. Менің ойымша, қазақстандық тамақ өнімдері таңдаулы класта өз орнын алып отыр деп сеніммен айтуға болады


Дереккөз: http://24.kz/ru/news/economyc/item/266056-investitsionnyj-potentsial-kazakhstana-prezentovali-v-moskve