• Мобильді үстемені жүктеу

Бавариядағы инвестапта аясында неміс кәсіпкерлерімен 15 артық кездесу өтті

Бавариядағы инвестициялық апта қорытындылары бойынша «Kazakh Invest» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Бірімжан басшылық еткен Қазақстан делегациясы ірі неміс компанияларымен 15 артық екі жақты кездесу өткізді. Инвесторлармен кездесулер ҚР Германиядағы Елшілігінің және «KazakhInvest» ҰК АҚ көмегімен ұйымдастырылды.

BayWaAG концернінің басқарушы директоры Филипп Трахтенбергпен кездесуде ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және ірі жел станцияларын салу саласындағы өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды. BayWa (BayerischeWarenvermittlung) трансұлттық компаниясы ауыл шаруашылығына арналған жабдықты, құрылыс материалдарын өндірумен және жаңғыртылатын энергия көздерімен айналысады. Неміс компаниясы Қазақстанмен өзара әрекеттесу тұжырымдамасын әзірлеуге және алғашқы жұмыс сапарымен Астанаға келуге дайындығын білдірді. Холдинг баламалы энергия көздерін қолданумен жылыжайларға инвестиция жұмсауға және салуға мүдделі.

VIETZ GmbH компаниясының басқарушы директоры Маркус Беннетбергпен келіссөздер барысында неміс компаниясының алдыңғы қатарлы технологиясын пайдаланумен, Қазақстан Республикасының аумағында газ, мұнай және су құбырларын салу саласындағы ынтымақтастықты реттеу мүмкіндіктері, сондай-ақ, Қазақстанда неміс фирмасы шығаратын жабдық компоненттерін өндіру бойынша бірлескен кәсіпорынды құру перспективалары талқыға салынды. Тараптар сұхбатты биылғы жылдың күзінде Астана қаласында, компания басшылығының Қазақстанға алғашқы жұмыс сапары барысында жалғастыруға келісті. VIETZ GmbH мұнай-газ және коммуналдық салалардағы техника және жабдықты, сонымен қатар, дәнекерлеу аппараттарын өндіруде маманданады.

Сондай-ақ, LindeAG  неміс трансұлттық химиялық компаниясының Таяу Шығыстағы және Шығыс Еуропадағы өкілдігінің жетекшісі Кристиан Шарлахпен кездесу өткізілді. Linde Group 2009 ж. Теміртау қ. Қарағанды металлургия комбинатының аумағында (қазіргі АрселорМиттал Теміртау) ТМД ірі ауа бөлгіш қондырғы құрылысына инвестиция жұмсады. Кездесу барысында Теміртау қ. Жобаны жүзеге асыру барысы, сонымен бірге, компанияның Қазақстандағы кейінгі қызметі жөніндегі жоспарлары талқыланды. 

INFINEONTechnologiesAG компаниясының аймақтық директоры Детлеф Худумен келіссөз барысында Қазақстанға өнеркәсіп кәсіпорындарын және денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша неміс технологияларын трансферттеу мәселелері талқыға салынды. Компания Астанада өнімдерін таныстыру шарасын өткізу және цифрландыру саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу жоспарын мәлімдеді. Компания басшылығының Қазақстанның салалық ведомстволарымен келіссөздерін ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

MAXAICHERGmbH компаниясының басқарма мүшесі Томас  Шуманнмен кездесуде болат өндіру, қоқысты өңдеу, құрылыс, жобалау және туризм саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Бүгінгі күні компания арматура өндіру, ескі автомобильдер мен қала қоқысын қайта өңдеу мен пайдаға асыру, сонымен бірге, қала және ауыл инфрақұрылымын жобалау және салу саласында Баварияда жетекші орындарда тұр. Қазақстан тарапы басшылықты тақырып бойынша келіссөз жүргізу үшін Қазақстанға шақырды.

Жүргізілген келіссөздер екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынасты жаңа мазмұнмен толтырып, екі жақтың белгілі артықшылықтары бар бір қатар жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара әрекеттесудің жаңа перспективаларын айқындады.

Тараптар сұхбатты жалғастыруға және өзара тиімді ынтымақтастықтың нақты салаларын айқындауға дайындық білдірді. «Kazakh Invest» ҰК АҚ делегациясының сапары жалпы Қазақстанның Германияның жетекші федералдық жері – Бавариямен экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға септігін тигізді.

http://www.invest.gov.kz/ru/news/bolee_15_vstrech_s_nemetskimi_predprinimatelyami_proshli_v_ramkah_investnedeli_v_bavarii