• Мобильді үстемені жүктеу

Елбасы түрік компанияларын Қазақстанға инвестиция жұмсауға шақырды

Елбасының Түркия «бизнесінің капитандарымен» Анкарадағы бүгінгі кездесуіне Түркия экономикасының негізін құратын және Қазақстанға инвестиция жұмсауға қызығушылық білдіретін ірі түрік компанияларының басшылары қатысты. «Kazakh Invest» барлық осы компаниялармен жобаларды белсенді пысықтауда. 

Түрік бизнесі өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң екпінін атап өтті.

Аkorda.kz хабарлағандай, Қазақстан Президенті: «Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас өзара достыққа, бауырластыққа және сенімге негізделген. Түркия Қазақстанның сауда серіктестерінің бірінші ондығына кіреді. Біздің елдер арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 27% өсіп, 2 миллиард АҚШ долларына жақындады» деді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ шетел инвесторларының Жекешелендіру және агроөнеркәсіптік кешенде инновациялық жобаларды жүзеге асыру бағдарламасына қатысу мүмкіндігін атап өтті.

Одан басқа, Елбасы Назарбаев Университеті мен Инновациялық технологиялар паркі негізінде құрылған инновациялық кластерлер жұмысына қатысуға, сонымен қатар, туристік салада бірлескен жобаларды жүзеге асыру болашағын қарастыруға шақырды.

«Кеше Қазақстан-Түркия инвестициялық форумының аясында екі ел бизнесі өкілдерінің арасында 1,7 миллиард АҚШ долларына 24 құжатқа қол қойылды. Бұл өзара сенім мен ынтымақтастықтың айқын мысалы», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қаржы орталығының артықшылықтары жайлы сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО қатысушыларына арналған арнайы салық, валюталық, визалық және еңбек режимдерінің болуын атап өтті.

Анықтама: Түркия Қазақстанға 1991 жылдан бастап 3 млрд АҚШ долларынан артық инвестиция жұмсады. Қазақстанда түрік капиталының қатысуы бар 2000 жуық кәсіпорын қызмет етеді.

 

http://www.invest.gov.kz/ru/news/glava_gosudarstva_prizval_turetskie_kompanii_investirovat_v_kazahstan