• Мобильді үстемені жүктеу

ҚР ИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Жэнь Хунбиньмен кездесу өткізді

Бүгін Астанада Қазақстан-Қытай бизнес-форумының аясында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Жэнь Хунбиньмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік және транзиттік-логистикалық ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара әрекеттесу келешегін талқылады.

Қазақстан тарапы қытайлық серіктестерді инвестициялық жеңілдіктер, сонымен қатар, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде ақпараттандырды.

Жеңіс Қасымбек өзара сауда өсімін атап өтіп, министрлік құзыреттерінің аясында Қытаймен барлық саладағы екі жақты ынтымақтастықты кейінгі тереңдетуге дайындықты білдірді.

Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылы 30% жоғары артқанын және 10,5 млрд. АҚШ долларын құрағанын атап кеткен жөн.

 

http://mid.gov.kz/ru/news/glava-mir-rk-zhenis-kasymbek-provel-vstrechu-s-zamestitelem-ministra-kommercii-knr-zhen