• Мобильді үстемені жүктеу

Үндістанның «MBVA» қауымдастығы «KAZAKH INVEST» ҰК ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

27 қыркүйекте Астана қ. үндістандық «MBVA» қауымдастығымен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар құрылыс саласындағы кейінгі ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды.

Сұхбат барысында «MBVA» өкілдері негізін 2001 жылы Шри. С. Р. Кулкарни мырза қалаған қауымдастық жайлы әңгімеледі. Бұл - мүшелерін қолдаудың кеңейтілген жүйесін құру, Пуна қ. және жалпы Үндістанның саласын дамыту проблемаларын шешумен айналысатын, маратха құрылысшыларының консорциумы. Сондай-ақ, кездесуге «Астана» ӘКК, «Технополис» АҚ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарушы директоры Жандос Нұрланов, Астана қ. Бойынша өңірлік директор Әлжан Бралиев қатысты. 

«Астана» ӘКК Қауымдастық мүшелеріне классикалық молл тәрізді емес, жабық жолаушылар аумағы қағидасымен салынатын Calatrava жобасын ұсынды. Мұнда көшеге төсем салу элементтері, ашық аспан, дала акустикасы әсері болады. Ол халық үшін тәулігіне 24 сағат ашық болып, қала инфрақұрылымының бір бөлігі болып қалады. Сонымен бірге, кездесуде Астана қ. тұрғын үй салу мәселелері және «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аумағының мүмкіндіктері талқыланды. 
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Жандос Нұрланов Компанияның қызметі, инвесторлар үшін жасалған жеңілдіктер жайлы айтып, үнді қауымдастығына жан-жақты көмек көрсетуге дайындығын білдірді.

Анықтама: «MBVA» қауымдастығы — 3000 артық мүше саналатын үнді қауымдастығы. Пуна қ. барлық әйгілі құрылысшы маратхалар ұйымның мүшелері болып табылады. Қауымдастықтың мүшелері БАӘ (Bungalow Scheme in Jumeirah), сондай-ақ, АВСТРАЛИЯДА көптеген жобаларды жүзеге асырды. 
Жеке мүшелерінің жылдық қаражат айналымы 20 бастап 200 миллион АҚШ долларына жетеді. Қауымдастық мүшелерінің ұжымдық ақша айналымы 2 миллиард АҚШ долларына жуық.

http://invest.gov.kz/media-center/press-releases/indiyskaya-assotsiatsiya-mbva-vozmozhnosti-sotrudnichestva-s-nk-kazakh-invest-/