• Мобильді үстемені жүктеу

Ақтауда Каспий маңы мемлекеттер саммиті өтті

Ақтауда 5-ші Каспий маңы мемлекеттер басшылары саммитінің аясында Көлік саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Қазақстан тарапынан оған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек қол қойды. 

Құжат Каспий өңірін халықаралық көлік-логистикалық хаб ретінде дамыту және қатысушылар арасындағы сауда көлемін өсіру негізін қалайды.

2017 жылы Қазақстанның Каспий маңы мемлекеттерімен жүк айналымының жалпы көлемі 100 млн. тоннадан артық құрады. 

Солайша, келісім теңіз, автомобиль, теміржол, әуе және мультимодальды  тасымалдарды кейінгі дамытуды қарастырады.  

Құжат тұрақты кеме қатысасын, оның ішінде, круиздік кеме қатынасын дамыту жөніндегі шараларды қабылдауды, интеллектуалдық көлік жүйелерін енгізуді, тартымты тарифтік жағдайларды әзірлеуді, алдын ала ақпараттандыру механизмдерін енгізуді, кадрлық әлеуетті дамытудағы тәжірибе алмасуды және басқаларды тұспалайды.

http://mid.gov.kz/ru/news/v-aktau-sostoyalsya-sammit-glav-prikaspiyskih-gosudarstv