• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанда «жасыл» технологиялар саласында стартап-жобаларды дамыту жоспарлануда

ТҮКШ Қазақстандық орталығында UNIDO - Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерімен өнеркәсіптік даму жөнінде кездесу болып өтті. Тараптар «таза» және «жасыл» инновациялардың GCIP (The Global CleantechInnovation Programme) Ғаламдық бағдарламасына бірге қатысу мүмкіндігін талқылады.

GCIP бағдарламасы «жасыл» технологиялар саласында стартап-жобаларды қолдауға бағытталған. Ғаламдық экологиялық қордан (GEF) гранттық қаржыландыруға ие болған елдің серіктестері GCIP өз елдерінде кәсіпкерлер арасында конкурс өткізіп, жеделдету және коммерцияландыру үшін неғұрлым перспективалық жобаларды таңдайды.

Қазақстаннан ел серіктесі GCIP ретінде ТҮКШ Қазақстандық Орталығының еншілес ұйымы болып табылатын ТҮКШ Қазақстандық ғылыми-техникалық дамыту орталығы (ҚазҒТДО) белгіленді. Бүгінгі таңда ҚазҒТДО және UNIDO GEF Ғаламдық экологиялық қорына біріккен өтінімді дайындау және ұсыну үшін негізгі бағыттарды дайындаумен айналысуда. Грант алған жағдайда жобаларды жинау, іріктеу, жеделдету және коммерцияландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу жоспарлануда. Жоспарланған жобалардың әрқайсысына 100-ден 200-ге дейін шағын және орта бизнес өкілдері қатысатын болады. 25 жартылай финалға қатысушылардың ішінен қазақстандық және шетелдік сарапшылар 2 финалистті таңдап алады, олар өз бизнесін дамыту және алға жылжыту үшін Силикон алқабына барады.

«Аталмыш жобаны іске асыру үшін Қазақстан су және энергетикалық ресурстарды үнемді пайдалану және инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешені саласында қалаларды тұрақты дамытуға қажетті модельдер құру мәселелерін шешу үшін жаңа технологиялық бизнес-өнімдерге ие болуы мүмкін. Біз бағдарламаның белсенді қатысушысы болу үшін барлық күш-жігерімізді саламыз және сол арқылы қазақстандық инновациялық стартап-жобаларды алға жылжытуға және экологиялық таза технологияларды дамытуға жәрдем көрсетеміз», - мәлімдеді «ТҮКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары  Әділхан Умербаев.

2014 жылдан бастап UNIDO/GEF ұйымына 9 елден шамамен 900 өтінім ұсынылды (Армения, Индия, Малайзия, Пакистан, Түркия, Африка, Вьетнам, Бразилия, Таиланд), олардың ішінде 100 өтінім бағдарламаға қатысуға қабылданды.

 

http://mid.gov.kz/ru/news/v-kazahstane-planiruyut-razvivat-startap-proekty-v-sfere-zelenyh-tehnologiy