• Мобильді үстемені жүктеу

ҚР ИДМ өкілдері қытай делегациясымен кездесу өткізді

Министрлік өкілдерінің Қытайдың машина-техникалық және электрондық өнімдерді импорттау және экспорттау жөніндегі Сауда палатасы төрағасының орынбасары Ши Юнхун мырзаның басшылық етуімен қытай делегациясымен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында тараптар инвестиция, инфрақұрылымдық құрылыс, жер қойнауын пайдалану, металлургия және т.б. тәрізді екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады.

Қазақстандық тарап қытайлық серіктестеріне қолданыстағы инвестициялық префенциялар, индустриаландыру саласында жүргізіліп отырған саясат туралы ақпарат берді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы жаңа заңнаманың қағидаларын түсіндірді.

Қытай тарабы ҚР аумағында жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға дайындығын білдірді.

.http://mid.gov.kz/ru/news/predstaviteli-mir-rk-proveli-vstrechu-s-kitayskoy-delegaciey