• Мобильді үстемені жүктеу

Астанада Kazakh Invest және БАӘ Шетелдік инвесторлар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды

Астанада Kazakhstan Global Investment Roundtable-2018 аясында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өкілдері Біріккен Араб Әмірліктерінің Шетелдік инвесторлар қауымдастығының бас хатшысы Джамаль Саиф Аль Джарван бастаған араб кәсіпкерлері делегациясымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстан экономикасының басым салаларында араб бизнесінің жаңа инвестжобаларын жүзеге асыру мен ынтымақтастығының келешегі талқыланды.

«Сіздің ел БАӘ Орталық Азия өңіріндегі стратегиялық серіктесі болды және болып қалуда, біз Қазақстанның экономикасын дамытуға және оның араб бизнесі үшін ашатын перспективаларға ерекше көңіл бөлеміз», - деп атап өтті кездесу барысында БАӘ делегациясының басшысы Джамаль Саиф Аль Джарван мырза.

Тараптар әрекет етуші бірлескен бизнес-жобаларға қатысты пікір алысты. Қазақстандық тарап экономиканың ауыл шаруашылығы, тағам өнеркәсібі, машина құрастыру және туризм тәрізді салаларында ең үмітті жоспарларын таныстырды.

Kazakh Invest басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, өз кезегінде Қазақстан ел аумағында жұмыс істейтін халықаралық инвесторларға қатысты ашықтық, қорғау және толық сүйемелдеу қағидаларын ұстанатынын атап өтті.

«Жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасы сіздің елдің Қазақстандағы бизнесі үшін бұрынғыдан көп бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Біз БАӘ компанияларына жан-жақты көмек және қолдауды тұрақты негізде көрсетуге дайынбыз», — деді С. Тұяқбаев.

Қорытындылай келе, тараптар «Kazakh Invest» ҰК мен БАӘ Шетелдік инвесторлар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

http://invest.gov.kz/ru/news/v_astane_obsuzhdeni_perspektivi_sotrudnichestva_kazakh_invest_i_assotsiatsii_inostrannih_investorov_oae