• Мобильді үстемені жүктеу

АШМ басшысы Қазақстанның аграрлық секторының инвестициялық басымдылықтары туралы айтты

Қазақстаннның агроөнеркәсіптік секторы шетелдік инвестицияларды тарту үшін келешегі зор алаң болып табылады. Бүгін «Агроөнеркәсіп: жаңа Жібек жолында азық-түлік базасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты дөңгелек үстел шеңберінде премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығының министрі Өмірзақ Шөкеев Қазақстанның аграрлық өнеркәсіп кешеніне инвестициялаудың негізгі  басымдылықтары туралы айтты.

Біріншіден, бұл 180 млн. гектар табиғи жайылымдардың болуы, оларға ағымдағы жүктелім 25-30%-ды құрайды. Сонымен қатар, ауыспалы егісте азықты тұрақты өсіру үшін қосымша екі млн. га жер суаруға су ресурстары бар.

Екіншіден, бұл еңбек ресурстарының болуы, себебі Қазақстанның 45% халқы ауылдық жерде тұрады.  

Үшіншіден, инвестициялық қызметті қолдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы салық және кеден режимін дайындады, соның ішінде корпоративтік салық төлеуден 10 жылға дейінгі мерзімге босату, мүлік салығын төлеуден 8 жылға дейінгі мерзімге босату, әкелінетін жабдық пен шикізатқа кедендік баждан босату.

Төртіншіден, әлемдік нарықтарда құны жоғары және сұранысқа ие органикалық өнім өндірісінің мүмкіндіктерін жеке атап өту қажет. Бұл басымдылық әсіресе минералды тыңайтқыштарды, біздің жерлерде пестицидтер мен гербицидтерді қолданудың тарихи төмен деңгейімен түсіндіріледі.

«Біз Қазақстанда органикалық өнім өндірісінің толыққанды жүйесін  құру үшін нормативтік-құқықтық базасын әзірледік – заң және барлық заңға қосымша актілер әзірленді, қазіргі таңда сертфикаттық жүйе, сондай-ақ фермерлерді оқыту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп атап өтті Шөкеев.

Бесіншіден, мемлекеттік қолдау.

Вице-премьер механизмдері қазақстандық, сонымен қатар шетелдік инвесторларға қолжетімді  2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленгендігін еске салып өтті.

«АӨК Мемлекеттік бағдарламасынан басқа, негізгі мақсаты экспортқа бағытталған жоғары технологиялық өндіріс болып табылатын «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасын, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын қоса алғанда, жобаларды инфрақұрылымдық дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр», - деді АШМ басшысы.

Алтыншыдан, инвесторларға арналған экспорттық мүмкіндіктер.

«Қазақстан Еуропа мен Қытайдың арасында, Еуразияның ортасында орналасқан. Орналасқан орнына байланысты қазақстанда бірқатар инфрақұрылымдық жобалар әзірленуде: Қытаймен шекаралас жердегі Хоргос құрғақ порты, Каспий теңізіндегі Ақтау порты, халықаралық «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» транзиттік дәлізі. Сонымен қатар, Қазақстанның нарық сыйымдылығы шамамен 180 млн. адам құрайтын Еуразиялық Экономикалық Одақтың құрамына кіруі  инвесторлар алдында республика аумағында инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашатын болады. Инвесторлар Ресей, Беларуссия, Қырғызстан және Армения нарығында өз өнімін кедергісіз ілгері жылжытуға мүмкіндіктері бар», -деп қорытындылады Шөкеев.

 

Анықтама:
The Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR) – шамамен 600-ден артық  ұйымның ішінде шақыру бойынша келген өкілдердің эксклюзивтік жиыны, атап айтқанда, жоғары буындағы халықаралық және қаржы басшыларының, инвесторлардың, халықаралық БАҚ пікірлер мен өкілдері көшбасшыларының жиыны. Аталған форум үкіметтің негізгі лауазымды тұлғаларының қатысуымен экономикалық даму мәселелеріне жауапты ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың шақыруымен өтті.

http://invest.gov.kz/ru/news/glava_msh_rasskazal_ob_investitsionnih_preimushchestvah_agrarnogo_sektora_kazahstana