• Мобильді үстемені жүктеу

АХҚО Азия Инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен бірге қызмет жасауға ниет білдірді

Орталық басшысы Қайрат Келімбетовтың айтуынша, Қазақстанда ең ірі қытай банктерінің өкілдіктерін ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ең алғашқысы Қытайдың мемлекеттік даму банкі болып отыр. Мұндай ынтымақтастық экономикаға инвестициялар тартуға, сондай-ақ цифрлық технологиялар трансфертін жүзеге асыруға көмектеседі деп саналады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин АХҚО, Жібек жолы қоры және экономикалық ынтымақтастықтың Қытай-еуразиялық қоры арасында стратегиялық серіктестікке қолдау көрсетіп отырғанын естеріңізге саламыз. Бұл туралы қазақстан елбасының Күншығыс еліне мемлекеттік сапарының   қорытындылары бойынша бірлескен өтінішінде айтылған. Мемлекет басшылары Жібек жолы Қорын биржа акционерлері құрамына енгізу бастамасына қолдау жасады. Қайрат Келімбетов, АХҚО басқарушысы: АХҚО аясында юаньмен сауда жасауға арналған халықаралық клирингтік орталық құрылады және АХҚО жалпы алғанда «Бір белдеу, бір жол» қытай үкіметінің бастамасын жүзеге асырудың тірек нүктесі болуы мүмкін. Біз биржа және АХҚО негізгі акционері және серіктесі болып табылатын Шанхай қор биржасымен тығыз байланыс жасап отырмыз. Қытай инвесторлары «Самұрық-Қазына» үлттық компаниясын жекешелендіру аясында қазақстандық компаниялардың акцияларын орналастыру процестеріне қатысады деп жоспарлап отырмыз.

http://24.kz/ru/news/economyc/item/246581-mftsa-nameren-sotrudnichat-s-aziatskim-bankom-infrastrukturnykh-investitsij