• Мобильді үстемені жүктеу

Германияда Қазақстан-неміс инвестфорумы өткізілді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың АЭФ 2018 шеңберіндегі Германия экономикасы Шығыс комитетінің басшылығымен өткізілген кездесу барысында қол жеткізілген келісім-шарттар шегінде «KAZAKH INVEST» АҚ ҰК Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаевтың жетекшілігімен қазақстандық делегация Кельн қаласындағы Сауда-өнеркәсіптік палатасымен Германия экономикасының Шығыс Қазақстан комитетімен бірлесе ұйымдастырылған «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері – неміс компаниялары үшін зор мүмкіндік» тақырыбындағы бизнес-форумға қатысу үшін жұмыс сапарымен Германияда (Кёльн, Дюссельдорф, Берлин) болып қайтты.

Іс-шара барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» роуд-шоу жасады және басым салаларда болуы мүмкін инвестициялық жобалар ұсынылды. Атап айтқанда, ҚР-да бизнесті жүргізу мүмкіндіктері, заңнамалық қолдау, «Қазақстан-2050» Даму стратегиясының және ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы бойынша жолдауы мәнмәтініндегі шетел инвестицияларын тарту үшін бәсекеге қабілеттіліктің артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды. 

Форум барысында «Kazakh Invest» Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Орталық Азия елдерінің ЖІӨ инвестицияларының шамамен жан басына шаққандағы 2/3 бөлігі тартылған инвестициялар бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында бірінші орынға ие болып отырған Қазақстанға тиесілі екенін атап өтті.

Сонымен бірге, С.Тұяқбаев шетелдік инвесторларды қолдау, оның ішінде АХҚО қаржылық құралдарының кең спектрі арқылы қолданыстағы  механизмдері туралы айтып берді.

«KAZAKH INVEST» ақпараты бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс істеп жатқан әлемдік компаниялар саны 500 млн. адамнан асатын нарыққа шығуға мүмкіндігі бар.Халықаралық 5 теміржол және 6 автомобиль жолдары бағыттарын, оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» заманауи трансконтиненталды автомагистралі бар мультимодальді Еуразиялық көлік дәлізі Қазақстан арқылы өтеді.

ФРГ-дағы ҚР елшісі Болат Нусупов форумда сөз сөйлеп, өткізіліп отырған Форум біздің елдер арасындағы қарқынды дамып келе жатқан өзара қарым-қатынастың жарқын куәсі екенін айтты.

«Бүгінгі форум осы процестің одан әрі тереңдеуіне, ГФР-мен ынтымақтастықтың күшеюіне ықпал етеді деп толық сеніммен айтуға болады. Мұндай әріптестік өзара сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың қарқынды дамуына, туризмнің дамуына біздің елдер халқының бір-бірін жақын түсінісіп, тату болуына ықпал ететініне сенімдімін. Қазақстанда 1500-ден астам бірлескен 900-ден астам неміс кәсіпорындары жұмыс істеп жатқанын атап өткен жөн. Бұл тізім одан әрі кеңейе түссе, қуанышымыз шексіз болар еді», - деді  Б.Нусупов.

Германия елінің экономикалық, сараптамалық және бизнес орталарының өкілдері Қазақстан тарапынан қабылданып жатқан қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру саласындағы шараларды жоғары бағалады, сонымен қоса, Қазақстан ГФР-дің Орталық Азиядағы негізгі экономикалық әріптесі және Ұлы жібек жолының траекториясы бойынша Еуропа мен Азияны Азияны байланыстыратын маңызды көпір болып қала беретінін атап өтті. Кёльн ТПП Басқарушы директоры Александр Хёкле атап өткендей, Қазақстанның инвестицияларды қолдау және көтермелеу саласы бойынша қабылдап отырған тиімді шаралары Қазақстандағы неміс компаниялары жобаларының саны мен сапасын арттырды.

Сапар барысында қазақстандық делегация Дюссельдорфтегі Zoz Technology Center (ZTC) технологиялық паркі мен Continental AG концерннің кластерлік орталығына барды, сонымен қатар, жетекші компаниялардың басшылығымен бірқатар екі жақты кездесулер өткізілді. Кездесулердің нәтижесінде Schneider Group компаниясының басқарушы әріптесі Ульф Шнайдер ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Германияда болған кезінде Қазақстан делегациясы машина жасау, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдары салаларындағы неміс компанияларының экономикалық бірлестіктерінің басшылығымен барлығы 25-ке жуық екіжақты кездесу өткізді және 5 әлеуетті инвестициялық жобалар бойынша келісім жасады.

 

http://invest.gov.kz/ru/news/v_germanii_proshel_kazahstanskonemetskii_investforum