• Мобильді үстемені жүктеу

ҚР инвестициялар және даму министрінің халық алдындағы есептік кездесуі өтті

Бүгін астаналық Қазмедиаорталықта ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің халық алдындағы есептік кездесуі өтті.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Инвестициялар және даму жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «KazakhInvest» ҰК АҚ басшылығы, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ, министрліктің және оған бағынышты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Министр баяндамасында 2017 жылдағы жұмыс қорытындылары және 2018 арналған міндеттер жайлы әңгімеледі. Оның ішінде, министр индустрия және жаңа технологиялар саласындағы жетістіктер, инвестициялар тарту және экспортты жылжыту сұрақтары, құрылысты және ТҮКШ, көлік және логистиканы, геология және жер қойнауын пайдалануды, сондай-ақ, техреттеу және метрология саласын дамыту жайлы сөз қозғады.

Экономиканың технологиялық күрделілігінің көпшілік таныған индексіне сәйкес, Қазақстан 2010-2016 жылдар аралығында өз позицияларын 30 тармаққа жақсартты (92-ші орыннан 62-ші орынға). Қазіргі уақытта тікелей тартылатын инвестициялардың әрбір төртінші доллары өңдеуші секторға тиесілі, оның жалпы ағындағы үлесі 2017 жыл қорытындылары бойынша 25,0% құрады, 2015 жылдың бұл көрсеткіші 17% болған.

Барлығы Индустрияландыру бағдарламасының басталуынан бері (2010-2017 жж.) 6,1 трлн. теңгеге 1148 жоба енгізілді, 107 мың тұрақты жұмыс орны құрылды, оның ішінде 2017 жылы шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орнын құрумен, 1,5 трлн. теңгеге 120 жоба енгізілді.

«Егер бұрын біз бокситтер өндіріп, барлығы экспортқа кететін глиноземді өндірсек, Қазақстан электролиз зауытын іске қосылғаннан кейін, елде бастапқы алюминийді өндіру басталды – бұл 2-ші қайта өңдеу. Өткен жылы қосындыланған алюминийді өндіру бойынша «Giessenhaus» ЖШС жобасы аясында 3-ші қайта өңдеуді іске қостық. Осы жобамен қатар алюминийден жасалған дайын өнімдер – автомобиль дисктерін өндіру басталды», - деді өз сөзінде Жеңіс Қасымбек. 

Машина жасау өнімінің сұрыпталымы бұрын елде шығарылмаған жоғары технологиялық тауарлармен толды. Мысалы, ең жоғары стандарттарға жауап беретін локомитивтер, электровоздар, жолаушылар вагондары, тау-кен және мұнай-газ жабдығы. Салада General Electric, General Motors, Alstom, LG және басқалар тәрізді әйгілі компаниялар жұмыс істейді.

Индустрия 4.0 технологияларын енгізу пайдаларын көпшілікке тарату және көрсету үшін, өңдеу өнеркәсібінің әрекет етуші кәсіпорындарының негізінде үлгілік цифрлық фабрикалар жасау жобасы іске асырыла бастады. Қазіргі уақытта іріктелген кәсіпорындарды технологиялық диагностикалау және оларда цифрлық технологияларды енгізу бойынша жол карталарын әзірлеу жүргізілуде.

«2025 жылға дейін 146 млрд. теңгеге жүйе құрушы компанияларды цифрландыру элементтерін енгізу бойынша 14 жоба анықталған. Жүзеге асырылған жобалар мысалында біз қазірдің өзінде олардың тиімділікті жоғарылатуға және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қаншалықты көмектесетінін көрудеміз», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Құрылыс саласында өткен жыл қорытындылары бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында 11,2 млн. ш. метр тұрғын үй тапсырылды, солайша, 100,8 мыңнан астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

«Салаға жұмсалған инвестициялар 2016 жылмен салыстырғанда 18% өсіп (830 млрд. теңге), шамамен 980 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде, 1 теңге жұмсалған мемлекеттік қаражатқа 5 теңгеден артық жеке инвестициялар тартылды. Осы жылға біздің мақсатымыз – 12,1 млн. ш. метр немесе 108 мың тұрғын үй енгізу болып табылады», - деді министр.

Кездесу Министрліктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда тікелей эфирде көрсетілді, қазақстандықтардың мұнда министрге сұрақтарын жолдау мүмкіндігі болды. Одан басқа, селекторлық байланыс режимінде, есептік кездесуге елдің барлық аймақтары да қатысты.

Халықпен сұхбат барысында министрге көлік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, азаматтық авиация және басқа салаларға қатысты ондаған сұрақтар қойылды.

Есептік кездесуді өткізуден 3 апта бұрын министрлікте 983000 нөмірі бойынша CALL-орталық қосылғанын атап кеткен жөн, бұл нөмір бойынша әркім өз сұрағымен министрге жүгіне алды.

Министр есептік кездесу барысында жауап беруге үлгермеген сұрақтарға жауаптар министрлік сайтында орналастырылады.

http://mid.gov.kz/ru/news/sostoyalas-otchetnaya-vstrecha-pered-naseleniem-ministra-po-investiciyam-i-razvitiyu-rk