• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанның инвестициялық жобалары Катар шейхына таныстырылды

«Kazakh Invest» қолдауымен Катар кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Шейх Фейсал бен Касим Аль Тани басшылық еткен Катардың бизнес-делегациясы Астана мен Алматы қалаларында болып, Қазақстандағы инвестициялық жобалармен танысты. Бұл сапар «Kazakh Invest» өкілдерімен ағымдағы жылдың сәуір айында Доха қаласында қткен кездесуден кейінгі катарлық бизнес-делегацияның жауапты іссапары болып табылады.

Астана мен Алматыда қазақытандық ірі кмпаниялар және холдингтермен бизнес кездесулер ұйымдастырылды. «Kazakh Invest» катарлық делегацияға танысуға арналған нақты инвестициялық жобалар ұсынды.

Алматыда «Gettco Construction Division» катарлық ірі құрылыс компаниясы алматылық компаниялар таныстырған коммерциялық жылжымайтын мүлік және қонақүй бизнесі саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. «Eurasia» холдингі металлургия, девелопмент және ауыл шаруашылығындағы өз инвестициялық жобаларын таныстырды. Катарлық «Al Sawari» компаниясына Алматы маңындағы ірі тематикалық саябақ құрылысы бойынша жоба таныстырылды.

Астанада «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаевпен катарлық бизнесмендердің кездесуі өтті. Кездесуде катарлық бизнесмендер АӨК, туристік сала, мұнай және химия мен металлургия саласындағы жобалар туралы әңгімелеп берді.

Сонымен, катарлық инвесторларға өткізу қабілетін күніне 5 мың адамға дейін ұлғайту мақсатында «Табаған» спорттық-ойын-сауық кешенін қалпына келтіру және модернизациялау бойынша жоба таныстырылды. Бизнес-делегация 5-ші санаттағы мотор майы мен мұнай-имия өнімінің өндірісі үшін 2 млн тоннаға дейін көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында мұнайды қайта өңдеу зауытының құрылысы бойынша жобамен танысты.

Катарлық бизнесмендер жылына 100 мың тоннаға дейін түйетауық етін тереңдетіп қайта өңдеу бойынша жобаға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, «BI Group» және «KTZ Express» компанияларымен ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Катар бизнес-делегациясының сапары барысында қол жеткен келісімдер алдағы айларда белсенді пысықталатын болады. Осылайша, алдағы уақытта қазақстандық делегацияның Катарға бизнес-сапары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, катарлық бизнесмендер өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттеу мақсатында Қазақстанның бірқатар облыстарына сапар шегуді жоспарлап отыр.

http://mid.gov.kz/ru/news/perspektivnye-investproekty-kazahstana-prezentovany-katarskomu-sheyhu