• Мобильді үстемені жүктеу

Инвестициялық апта аясында Стамбулда жаңа қазақстан-түрік жобалары талқыланды

Стамбулда 7-12 мамырда инвестициялық апта аясында Түркиядағы ҚР Елшілігі және «Kazakh Invest» ҰК қолдауымен өнеркәсіп, құрылыс, медицина және тоқыма өндірісі саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша ірі түрік компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Кездесулер екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты күшейту мақсатында ұйымдастырылды.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкеновтың басшылығымен қазақстандық делегация құрамына бизнес-қауымдастық, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар өкілдері және т.б. кірді. Бір апта бойы Қазақстан делегациясы Calik Enerji және Lidya Madencilik секілді компаниялар құрамына кіретін Yildirim Holding және Calik Holding Түркияның ірі өнеркәсіптік топтарының басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында Calik Holding өкілдері Қазақстан аумағында жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді. Соынмен, бірінші кезеңде компания 50 МВт қуаты бар күн электр станциясының құрылысына кіріспекші және жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды жүзеге асыруға салынатын инвестициялар көлемін одан әрі арттыру мүмкіндігін қарастыруға дайын. Сондай-ақ, кездесу барысында тау-кен-металлургия және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселелрі де көтерілді.

Yildirim Holding басшылығы да Қазақстанда тау-кен-металлургия саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Холдинг пен «Қазгеология» АҚ арасында қатты пайдалы қазбаларды іздеу мақсатымен жер қыртыстарын геологиялық барлау бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол жетті.

Бүгінгі күні тараптармен барлығы бес жоба пысықталуда. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың жазында холдинг Жамбыл облысында геологиялық барлауды бастауды жоспарлап отыр.

Делегация мүшелері, сондай-ақ, Eczacıbaşı Holding – дәрі-дәрмек құралдары және халықтық тұтыну тауарлары өндірушісі және иірілген жіп және тоқыма саласындағы жетекші компаниялардың бірі Bak-Ay Tekstil басшылығымен кездесіп, аталған компания өкілдері де Қазақстанда фабрика құруға қызығушылық танытты.

 

Анықтама үшін:

Calik Holding энергетика, құрылыс, қаржы, тау-кен-металлургия және тоқыма саласында, телекоммуникацияда жұмыс жасайтын түріктік қаржы-өнеркәсіптік топтардың бірі болып табылады.

Lidya Madencilik Түркияның алтын кеніші болып табылатын «Чеплер Голд» шахтасының 20%-ы және Alacer Gold бірге барлау портфелінің 50%-ы тиесілі. Шахтада ең бірінші рет алтын өндіру 2010 жылғы желтоқсанда орын алды және қазіргі уақытқа дейін шамамен 1,2 млн унций алтын өндірілді.

Yildirim Holding әлемдік хром өнеркәсібіндегі төртінші кәсіпорын, Түркиядағы аммиак пен азот қышқылды кальцийлендірілген тыңайтқыш өндірушісі болып табылады. Компания $2,2 млрд жылдық айналымы бар 11 секторда жұмыс жасайды.

http://invest.gov.kz/ru/news/v_ramkah_investitsionnoi_nedeli_v_stambule_obsuzhdeni_novie_kazahstanskoturetskie_proekti