• Мобильді үстемені жүктеу

Сеулде инвестициялық апта аясында оңтүстік кореялық ірі компаниялармен келіссөздер жүргізілуде

 

Сеулде ҚР Инвестициялар және даму ице-министрі Арыстан Қабікеновтің басшылық етуіндегі қазақстандық делегация мен оңтүстік кореялық ірі компаниялар арасында экономикалық ынтымақтастықты күшейту мәселелері бойынша келіссөздер өтуде.

 

Делегация құрамында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, «Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басшысы Азамат Ойнаров, «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ, «ҚТЖ-Экспресс» ҰК, «ҚазАгро» АҚ өкілдері және т.б. бар.

Бүгін Қазақстан делегациясының мүшелері Кореяның Энергетика және минералдық ресурстар қауымдастығы төрағасының орынбасары Санг Вун Ханмен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Соңғы уақытта біз Қазақстан Елшілігі мен «ҚазГеология» АҚ-мен тығыз қарым-қатынастамыз. Осы жұмыстардың нәтижесінде біздің компаниялар Қазақстанның тау-кен секторындақызықты жобалар табады деп үміттенемін», - деп атап өтті Санг Вун Хан.

Кореяға іссапар барысында, сондай-ақ, арнайы экономикалық аймақтарды басқару және заңнамалық реттемелеу жөнінде тәжірибе алмасу бойынша диалог құрылып, 2013 жылдан бері тау-кен-металлургия секторында, логистика және жасыл экономика және басқа да келешегі бар бағыттарда жұмыс жүргізіп келе жатқан «East Cost» АЭА мүмкіндіктері таныстырылды.

Сонымен қатар, инвестициялық аптаның бірінші күнінде кореялық ірі ТҰК Noroo Kiban, Highvill және POSCO ICT басшыларымен кездесулер өтті. Осылайша, Highvill басқарма төрағасымен кездесу барысында Қазақстан өңірлерінде бірқатар құрылыс жобаларына инвестициялау мәселелері талқыланды.

«Біздің Қазақстанда өз бизнесімізді жүргізіп жатқанымызға 14 жыл болды және осы мүмкіндікті пайдаланып, көрсетілген қолдаулар үшін алғыс айтқым келеді. Біз құрылыс бизнесін сәтті іске асырдық деп санаймын. Біздің компания бұл жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті. Біздің Қазақстандағы тәжірибеміз – кореялық басқа компаниялардың ҚР-да жұмыс жасауы үшін шынында да жақсы үлгі бола алады», - деп атап өтті Ко Джэ-ил.

Өз кезегінде, Noroo Kiban компаниясы жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданумен аграрлық сектор, химиялық өнеркәсіп жобаларын инвестициялауға ықылас білдіріп отыр. Кездесу барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев өңір жобаларына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

POSCO ICT бірінші вице-министрі Ли Чан Бокпен кездесу кезінде ИТ-инфрақұрылым, автоматтандыру, Smart City жобаларына инвестициялау мүмкіндіктері талқыланды.

«20 сағат бұрын ҚР-дағы Корея Елшісімен кездестік. Ол ИТ саласындағы оңтүстік кореялық компаниялармен, соның ішінде, POSCO компаниясымен ынтымақтастық әлі де тиісті деңгейде күшейтілмегеніне таңданыс білдірді. Біз сіздің компанияңызбен ынтымақтастық орнатқымыз келеді», - деп атап өтті Kazakh Invest басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев POSCO ICT вице-президентімен әңгімелесу барысында.

Инвестициялық апта аясында оңтүстік кореялық компаниялармен бірқатар кездесулер және Сеулде бизнес-форум өткізу жоспарланған.

http://invest.gov.kz/ru/news/v_seule_v_ramkah_investitsionnoi_nedeli_prohodyat_peregovori_s_krupneishimi_uzhnokoreiskimi_kompaniyami