Түрік холдингтері Қазақстанға $590 млн инвестиция жұмсауды жобалауда
Қазақстан мен Түркия серіктестігі нығайды. KazakhInvest ұлттық компаниясы мен түрік холдингтері арасында 590 млн доллар сомасына бір қатар инвестициялық құжаттарға қол қойылды. Қорытынды келісімдер елдің барлық аймақтарында ауыл шаруашылық, құрылыс материалдарын өндіруге, машина жасауға, химиялық өнеркәсіп, тау-кен қазу және энергетикалық өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Жобаларды іске асыруды компаниялар осы жылы бастамақ. Соңғы бес жылдың ішінде түрік инвесторларымен 600 млн доллардан жоғары сомаға 18 жоба іске асырылды. «KazakhInvest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев: «Бұл компаниялардың барлығы өте жағымды ойда, Қазақстанда жұмыс істеуді және дамуды қалайды. Олар Премьер-Министрмен кездесті, Қазақстан Үкіметінің басшысы бұл компаниялардың нарыққа шығуын барынша жеңілдету үшін бір қатар тапсырмалар берді. Сондықтан біз бұл бағытта белсенді жұмыс істеудеміз. Түрік серіктестерімізбен бір қатар құжаттарға қол қойылды».
Ақпарат дереккөзі: http://24.kz/ru/news/economyc/item/195603-turetskie-kholdingi-namereny-investirovat-v-kazakhstan-590-mln