• Мобильді үстемені жүктеу

«KAZAKH INVEST» неміс компанияларымен ынтымақтастықты өсіруде

Астанада Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан-Германия Іскерлік Кеңесінің 10-шы отырысы өтті, оған "Бәйтерек" Ұлттық Басқарушы Холдингі" АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев және Дойче банк Басқарушы Директоры Питер Тильс басқарды. Шарадағы бас спикерлер ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, "Шетел инвесторларының қазақстандық кеңесі" Қауымдастығының Басқарма Төрағасы Ульф Вокурка, «KAZAKH INVEST» ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашев, Германия Федеративті Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Рольф Мафаэль болды.

Форум қатысушылары екі жақты ынтымақтастықтың көптеген мәселелерін, оның ішінде, ҚР және ГФР арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық саладағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді іске асыру тақырыбын талқыға салды.

«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының басшысы Мақсат Қабашев қатысушыларды компания қызметімен және Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды. Өз сөзінде Мақсат Қабашев:  

- Қазіргі уақытта Қазақстанда неміс қатысуы бар жалпы сомасы 3,6 миллиард еуродан артық 37 инвестициялық жоба бар. Олардың 22 іске асырылған және әрекет етуді жалғастыруда. Біздің екі елдің тиімді әрекеттесуінің мысалы ретінде Knauf, Linde Group, Heildelberg Cement, BASF, Thyssen Krupp және басқа компаниялармен бірлескен жобаларды келтіруге болады. Әзірге ең көп қызығушылықты біздің неміс серіктестеріміз машина жасау, химия, ритэйл, энергетика және құрылыс тәрізді салаларда білдіруде. Сол уақытта қазір тау-кен металлургиялық салада да бірнеше үмітті жоба әзірленуде, оларды жуырда іске қосу жоспарлануда.

Қазақстан-Германия Іскерлік Кеңесінің қорытындысы бойынша шамамен 973 млр. еуро сомаға 20 артық коммерциялық келісімге қол қойылды, олардың арасында - «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы" АҚ және «LindeGroup» AG компаниясы арасындағы «LindeGroup» AG Қазақстанда техникалық газдар және сутек өндіру саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ниеті туралы шектемелі келісім.

http://invest.gov.kz/ru/news/kazakh-invest-narashchivaet-sotrudnichestvo-s-nemeckimi-kompaniyami