Австриялық вице-министр Қазақстанды инвесторларға жарнамалады
Австрия үкіметі Қазақстан экономикасына инвестиция жұмсаудың дұрыстығына сенімді. Бұл пікірді бүгінгі Астанадағы экономикалық форумда австриялық компаниялар өкілдеріне Австрияның ғылым, зерттеу және экономика вице-министрі Бернадетт Гирлингер жеткізуге тырысты.
«Біз Қазақстанның тамаша шарттарды ұсынатыны жайлы әсерлі ақпаратты тыңдадық, сондықтан мен, жағдайды пайдалана отырып, Қазақстанды 2017 жылдың бірінші тоқсанында 3,4% құраған экономикалық өрлеумен құттықтағым келеді. Австрия үшін Қазақстан үлкен әлеуетке ие аса маңызды нарық болып табылады. Австриялық компаниялар Қазақстан экономикасына үлкен қызығушылық білдіруде», - деді ол.
Вице-министр Қазақстан мұнай мен мұнай өнімдерінің Австрияға маңызды жеткізушісі болып табылатынын еске салды. Бұл шикізатқа Қазақстаннан импорттың 98% келеді. Австрия өз кезегінде Қазақстанға ең алдымен, фармацевтикалық өнім мен медициналық бұйымдарды экспорттайды.
«2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін 36 жоба бар. Олар көп үміт күтерлік және құрылыс, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылым, денсаулық сақтау салаларына қатысты. Мен австриялық кәсіпорындар үшін Қазақстанда ашылатын мүмкіндіктерге көшкім келеді. Инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, мұнай және газ, тау-кен секторы қызығушылық тудырады. Жаңғыртудың үшінші кезеңін іске асыру барысында Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген қосымша мүмкіндіктер ашылуда. Біз компаниялардың жаңа технологияларды енгізу бөлігіндегі белсенді қатысуын қарастырудамыз. Біздің компаниялар мұнда маңызды рөл ойнай алады деп санаймын. Біздің компаниялардың жоғары технологиялар саласындағы тәжірибесі бүкіл әлемде сұранысқа ие», - деді Бернадетт Гирлингер.
Бұдан бұрын ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров австриялық бизнесмендерді Қазақстанға инвестициялар ағынын арттыруға үндеді және оларды күтіп тұрған мүмкіндіктер туралы айтты.
Дереккөз: http://invest.gov.kz/ru/news/avstriyskiy-vice-ministr-razreklamirovala-kazahstan-investoram/