• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанда азаматтардың Кореяда емделуден бас тарту тәсілін тапты

 

18 сәуірде Алматыда ҚР ҰЭМ «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ денсаулық сақтау саласында сенімгерлікпен басқару нысаны бойынша МЖӘ жобаларын іске асыру мүмкіндіктері мен ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін жапондық және оңтүстік кореялық медициналық операторлармен «дөңгелек үстел» өткізді.

Қазақстанның денсаулық сақтау мекемелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жапондық және оңтүстік кореялық медициналық компанияларға сенімгерлікпен басқаруға беруді қарастыруда. Мүмкін қазақстандықтардың осы елдерге емделуге барудың қажеті болмайтынын Kazpravda.kz хабарлайды.

Осы мәселе ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ өкілдерінің және Жапония мен Оңтүстік Кореяның медициналық операторларының кездесуінде талқыланды.

МЖӘ орталығында қазақстандықтар Еуропа мен Шығыс Азия елдерінің клиникаларында диагностика өтуді және емделуді артық көретін тенденция қалыптасқанын атап айтты. Сондықтан аталған елдердің мамандарына мемлекеттік ауруханалар мен емханаларды беру идеясы барынша болашағы зор болып есептеледі.

«Бұл жерде ескертпе жасап өту керек. Біз жекеше инвесторларға барлық мемлекеттік объектілерді беруді жоспарламаймыз. Біріншіден, сенімгерлікпен басқаруға берілетін клиникаларды іріктеу үшін өлшемшарттарды анықтау қажет. Клиниканы басқару процесі мәселелерін шешуді қажет ететін объектілер немесе медициналық қызметтер тиісті емес көрсетілетін мекемелер болуы ықтимал. Осы тізбеге халықтың үлкен сұранысына ие болған, бірақ қазақстандық компаниялар медициналық кәсіпорынның қызметін әзірге реттей алмайтын объектілер де қосылуы мүмкін. Сол себепті біз отандық медициналық мекемелердің менеджментін кәсіби деңгейге көтеруге қабілетті шетелдік компанияларды шақырамыз, - дейді Орталықтың фронт-кеңсесінің вице-президенті Ерлан Жакин».

Сондай-ақ ол шетелдік инвесторлардың Қазақстанға отандық дәрігерлер мен басқарушылардың жұмыс орындарын басу мақсатымен келмейтінін нақтылап айтты. Олардың міндеті – өздерінің тәжірибесімен бөлісу және біздің мамандарды оқыту. Нәтижесінде бірлесе отырып, жергілікті халық барынша сапалы қызметтерді алатын мақсат іске асырылады.

Егер шетелдік компания МЖӘ шеңберінде аурухананы сенімгерлікпен басқаруға алатын болса, компания оны жаңа жабдықпен жарақтандыруға, заманауи медицинаның талаптарына сәйкес реконструкциялауға немесе қайта құруға құқылы екенін кездесуге қатысушылар атап айтты.

«Ұзақ уақыт бойы біз мемлекеттік ауруханалар мен бизнес арасында әріптестік идеясын жылжытуға тырыстық. Біздің пікірімізше, денсаулық сақтау объектісін инвесторларға сатпай, менеджментін жүргізуге тапсыратын сенімгерлікпен басқару қазіргі уақытта жұмыстың ең тиімді үлгісі болып табылады», - дейді Қазақстандық МЖӘ орталығы басқармасы төрағасының орынбасары Ғалымбек Мамраев.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әр түрлі нысандарын белсенді қолдануға шақырды, МЖӘ – инфрақұрылымды дамытудың, соның ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың негізгі түтігі болуы тиіс екенін айтты.