• Мобильді үстемені жүктеу
Индустриялық аймақ
Коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзгеде заңдарында белгiленген тәртiппен беретiн ауыл шаруашылығына арналмаған жер индустриялық аймақ болып табылады. Индустриялық аймақтар кәсiпкерлiктi дамыту үшiн экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Индустриялық аймақтардың мiндеттерi:

1) өнеркәсiп саласындағы кәсiпкерлiктi жедел дамытуға жәрдемдесу;

2) жаңа өндiрiстер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;

3) өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру;

4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Облыста жалпы ауданы 60,1 га болатын 2 индустриялық аймақ бар, бұл ретте жобаларды орналастыру 47,4 га алаңда мүмкін:

1.«Өркен-КШТ» индустриялық аймағы, Өскемен қ., ауданы 33,5 га, болжамды ауданы 29,0 га учаскеде орналастыруға болады;

2. «Машина жасаушылар көшесі бойынша» индустриялық аймағы, Өскемен қаласы, ауданы 26,6 га, ауданы 18,4 га учаскеде орналастыруға болады.

Инфрақұрылым

Қуатты бөліп беру пункті, қуаттылығы 0,7 МВт
Қоршау
Әкімшілік ғимараттың төменгі дәрежесі

Шектеу: Өскемен қ., Машиностроителей к.

Құрылғанжылы: 2007 жыл

Алаң: 33,5 га, оныңішінде 29,0 гапайдалыалаңы

Индустриялық аймақтың жұмыс істеуі үшін қосымша инфрақұрылымды жүргізу бойынша жұмыс жүргізілуде: сумен жабдықтау желілері, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, кәріз

Жобаларды орналастыру шарттары:

1. Жер бөлігін жалдау:

1.1. Кәсіпкер «Ертіс» ҰКК ҰК» АҚ жобаны қаржыландыруы нақтыланған бизнес жоспарын, сонымен қатар жобаны орналастыруға қажетті қуаттағы инфраструктураны ұсына отырып, өзінің жобасын ораналастыру ниетімен хат жолдайды.

1.2.Аталған жоба Қоғамдық басқармада қарастырылуда және қалалық инвестициялық комитетте қарастырылуына дайындалып жатыр.

1.3. Инвестициялық комитетте рұқсат алу және жер бөлігін жалдау келісімшартын жасасу.

2. ӘКК жобасына кіру:

2.1. Кәсіпкер «СПК «Ертіс» ҰК» АҚ жобаны қаржыландыруы нақтыланған бизнес жоспарын, сонымен қатар жобаны орналастыруға қажетті қуаттағы инфраструктураны ұсына отырып, өзінің жобасын енгізу ниетімен хат жолдайды.

2.2. Аталған үндеу Қоғамның инвестициялық комитетінде, кейін Қоғамдық басқармада қарастырылады, қажет болған жағдайда Қоғамның директорлар Кеңесінде қарастырылады.

2.3. Жоба мақұлданған жағдайда, бірлесіп қызмет ету жөнінде келісімшарт жасалады және кәсіпорынды индустриялды аймақ территориясында орналастыру жүзеге асырылады.