• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST әлеуетті инвесторларға арналған вебинарлар сериясын іске қосты

KAZAKH INVEST алаңында «2022 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбында онлайн-вебинар өткізілді.

Investment Task Force инвестициялық бөлімшесіндегі энергетика және тұрақты даму жөніндегі жобалардың жетекшісі өзінің алғы сөзінде ЖЭК саласындағы жобаларды іске асырудың келешегі туралы айтып берді. Асхат Бекеновтың айтуынша, ЖЭК нысандарының электр энергиясын өндіру басым қызмет түрлерінің тізіміне кіреді.

KAZAKH INVEST жобалау менеджері Лейла Гимранова қатысушыларға компания қызметі және «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларға ұсынылатын қызметтер туралы айтып берді. Сондай-ақ, қатысушылардың назарына инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау түрлері және инвестициялық преференциялар алу тетігі туралы ақпарат жеткізілді.

 

Вебинар барысында ҚР ЭМ ЖЭК департаментінің директоры Абай Құланбай қатысушыларды қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстанда ЖЭК секторының дамуы туралы айтты.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу процесін «ЭҚРҚО» АҚ нарықтарды дамыту департаментінің директоры Ақнұр Шағырбаева және «ЖЭК қолдау жөніндегі ЕҚО» ЖШС өкілі Мадияр Сапарғалиев түсіндірді. Сонымен қатар,  қаржылық қамтамасыз ету түрлеріне, шарттарға, құжаттарды дайындау және есептілік мерзімдеріне қатысты мәселелер талқыланды.

ЕҚДБ өкілдері ағымдағы жылғы жобалау аукциондарының құжаттамасы бойынша ақпарат ұсынды.

Вебинар жұмысына 118 қазақстандық және шетелдік компаниялардан 150 адам қатысты.

Вебинарлар сериясын ҚР Энергетика министрлігі KAZAKH INVEST-пен бірлесіп USAID, ЕҚДБ, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы «ЭҚРҚО» АҚ, «KEGOC» АҚ және ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушы «ЖЭК жөніндегі ЕҚО» ЖШС қатысуымен ұйымдастырды.

Келесі вебинар 2022 жылдың 7 қыркүйегіне жоспарланған. Тіркелу және вебинар бағдарламасы мұнда қол жетімді.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kazakh-invest-zapustil-seriyu-vebinarov-dlya-potentsialnykh-investorov/