Германиялық инвесторлар Қазақстанда жаңа жобаларды іске қосуда
Қазақстан астанасында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Қазақстан-Германия бизнес-форумы өтті. 250-ге жуық делегат қатысқан іс-шараның лейтмотиві жоғары технологиялар, жасыл экономика және логистика саласындағы Қазақстан-Германия экономикалық ынтымақтастығын дамыту болды.
Пленарлық отырысты ашқан Роман Скляр ГФР Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейін және екіжақты өзара іс-қимыл перспективаларын жоғары бағалады. Өз сөзінде ол Тәуелсіздік алған сәттен бастап ел басшылығының стратегиялық бастамалары экономиканы сапалы әртараптандыруға, базалық салаларды технологиялық жаңғыртуға және адами капиталды дамытуға бағытталғанын атап өтті. Премьер-Министрдің Бірінші орынбасарының айтуынша, Қазақстан әртараптандырылған энергия көздеріне, логистикаға және айтарлықтай табиғи ресурстарға ие бола отырып, "жасыл" энергияны өндіру және одан әрі экспорттау үшін айтарлықтай әлеуетке ие. Спикер германиялық инвесторларды ынтымақтастыққа шақырды және Қазақстан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, сондай-ақ жаңа жоғары технологиялық өндірістер құру мақсатында цифрлық технологияларға Германиялық инвестицияларды тартуға мүдделі екенін атап өтті.
Германиялық компаниялардың Қазақстан экономикасына тікелей инвестицияларының көлемі 2005 жылдан бастап шамамен $5,5 млрд құрады, олардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне бағытталды. Қазақстанда герман капиталының қатысуымен 600-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішінде: «LindeAG», «HeidelbergCement», «BASF», «Knauf», «Siemens», «Wilo», «Metro Cash and Carry», «CLAAS» және т.б.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Бірінші Вице-Премьерінің төрағалығымен Германиямен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі арнайы үкіметтік жұмыс тобы жұмыс істейді. Бұдан басқа, екіжақты өзара іс-қимыл шеңберінде Берлин Еуразиялық клубы және Қазақстан-Германия іскерлік кеңесі сияқты тиімді диалог алаңдары жұмыс істейді.
Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма мүшесі және Орталық Азия бойынша елдік топтың спикері Манфред Грундке өз сөзінде отызыншы жылы Германия-Қазақстанның экономикалық қатынастары жоғары деңгейге жеткенін атап өтті: «Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы маңызды сауда серіктесі болып табылатыны сөзсіз. Технологиялық шешімдері мен ноу-хауының арқасында германиялық компаниялар экономиканың барлық секторларында өнімділікті арттырады. Біз бірге көп нәрсеге қол жеткізе аламыз және қол жеткіземіз. Біз үшін Қазақстан - тек қана шикізат жеткізуші ғана емес. Біз Қазақстанның әртараптандырылған дамудан неғұрлым орнықты пайда ала алатынына сенімдіміз». Манфред Грундке ауыл шаруашылығы, логистика, цифрландыру, сондай-ақ өнеркәсіптік өндіріс Қазақстанды жаңа экономикалық деңгейге көтере алатын салалардың бірнешеуі ғана екенін атап өтті. Мұндай серпіліс жасауға бағытталған процестер қазірдің өзінде жүріп жатыр. Қазақстан Үкіметі қолайлы инвестициялық ахуал мен инвесторларды мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жасау арқылы инновациялар мен капиталдың орнықты ағынын қамтамасыз етуге ұмтылуда.
Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс Қазақстанның ЖЭК саласындағы зор әлеуетін атап өтті, ол Германия экономикасы жасыл экономикаға көшкен кезде, декарбонизация және цифрландыру процесінде оған демеу бола алады.
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов форумға қатысушыларды Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы хабардар етіп, Қазақстан-Германия инвестициялық ынтымақтастығының портфелі жалпы сомасы $28,4 млрд. астам 46 жобадан тұратынын атап өтті. Бүгінгі таңда жалпы сомасы $1,1 млрд. құрайтын 28 жоба іске асырылды.
Панельдік сессияның спикерлері ретінде Linde GmbH бизнесті дамыту және сату жөніндегі атқарушы директоры Флориан Пеннер, EMEA аймағы бойынша EOS GmbH аға Вице-президенті Маркус Глассер, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Стратегия, инвестициялар және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Дастан Абдулгафаров және «SAP СЕ» Вице-президенті Наталья Панина сөз сөйледі. Іс-шара аясында машина жасау, өнеркәсіпті автоматтандыру, мұнай химиясы, логистика, денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар сияқты салаларда жалпы сомасы $200 млн. астам болатын 11 екіжақты құжатқа қол қойылды.
Қазақстанда Германиялық инвесторлармен жаңа пысықталатын жобалар арасында «Siemens» компаниясымен цифрлық құзыреттілік зертханасын құру, «EMAG» компаниясымен металл өңдеу білдектерін құрастыру бойынша зауыт салу, ««R.S. Engineering»» компаниясымен тісті дөңгелектердің соғылған бандаждарын өндіру, «Knauf» компаниясымен гипс тастарын қайта өңдеу бойынша зауыт салу, «Rhenus Logistics» компаниясымен Алматы облысында интермодальдық терминал және Түркістан, Қызылорда және Атырау облыстарында гемодиализ бойынша үш клиника салу. Қазақстан-Германия бизнес форумын ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның ГФР-дағы Елшілігі, "KAZAKH INVEST" ҰК " АҚ, сондай-ақ Германия экономикасының Шығыс комитеті және Германия экономикасының Орталық Азиядағы Өкілдігі ұйымдастырды.