• Мобильді үстемені жүктеу

Шығыс Қазақстан облысында жаңа заманауи май экстракциялық зауыт іске асырыла бастады

Отандық «ALTAI MAI» компаниясы Өскеменде құны 12,7 млрд.теңге болатын мульти-дақылды май экстракциялық зауыттың құрылысына кірісті. Жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

10 гектарға жуық аумақта орналасқан кәсіпорын жылына 75 000 тоннаға дейін өсімдік майы мен 64 000 тонна күнжара өндіретін болады.
Жоба өсімдік майын өндіру процесін жоғары автоматтандыруды көздейді. Автоматтандыру жүйесі шикізатты қабылдаудан бастап, өндірістік процесті  дайын өнімді жөнелтуге дейінгі технологиялық процестің бүкіл тізбегін басқаратын болады. Әрбір жабдықтың бағдарламалық жасақтамасы бір жаһандық бағдарламаға біріктіріліп, ең тиімді өндіріс технологиясын автоматты түрде анықтайды және реттейді.

«ALTAI MAI» компаниясы шикізаттың үздіксіз жеткізілуіне және зауыттың техникалық мүмкіндіктеріне сенімді - кәсіпорын тәулігіне 500 тоннадан астам күнбағыс тұқымын немесе 400 тонна рапсты өңдей алады.

Өңдеу үшін шикізат ретінде пайдаланылатын күнбағыс және рапс алқаптарының тұқымдары зауытқа Шығыс Қазақстан облысының Өскемен маңындағы Бородулиха, Шемонаиха, Глубокое, Зырян, Самар және Ұлан аудандарынан әкелінетін болады.

Өңірде май экстракциялық зауыт өнімдері болашақта импортты алмастыру мәселесін оң шешетініне, сондай-ақ Қытайға, Өзбекстанға және т.б. елдерге экспорттың дамуына ықпал ететініне сенімді.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/v-vostochno-kazakhstanskoy-oblasti-nachali-realizatsiyu-novogo-sovremennogo-masloekstraktsionnogo-za/