• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан шетелдік инвестициялар ағынының пандемияға дейінгі деңгейіне оралды

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша, Қазақстан елге шетелдік капитал ағындарының төмендеу үрдісін өзгертіп қана қоймай, 2017-2019 жылдардың көрсеткіштеріне қол жеткізді. Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны $23,7 млрд. құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 37,7% жоғары ($17,2 млрд.).

Ел бөлінісінде Қазақстан экономикасына инвестициялар көлемі ең көп елдердің алғашқы бестігі өзгеріссіз қалды. Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Ресей және Қытай инвестиция салу көлемінің 25% - дан 92% - ға дейін өсуімен көшбасшылықты сенімді түрде ұстап отыр. Жоғарыда көрсетілген елдерден инвестициялар үлесі тартылған инвестициялардың жалпы көлемінің 68,3% құрайды.

Өз кезегінде, ТОП-10 елдің екінші бөлігінде айтарлықтай өзгерістер болды. Бельгия Ұлыбританияны 6-орыннан ығыстырып, 35,1% айтарлықтай өсуді көрсетті. Оңтүстік Корея 73,2% өсіммен 9-жолдан 8-жолға ауысып, ондаған ірі инвестициялық донорларды тұйықтаған француз инвесторларынан озып түсті. Түрік инвесторлары республикаға капитал салымдарының 87%-ға өсуін қамтамасыз етті және Франция мен Кипрды басып озып, рейтингте 9 позицияға орналасты.

Анықтама: 2021 ж. ТОП-10 ИНВЕСТОР ЕЛ

1.      Нидерланды – $7,0 млрд

2.      АҚШ – $2,8 млрд

3.      Швейцария – $2,6 млрд

4.      РФ – $1,9 млрд

5.      Қытай – $1,8 млрд

6.      Бельгия– $1,06 млрд

7.      Ұлыбритания – $1,02 млрд

8.      Оңтүстік Корея – $805,5 млн

9.      Түркия – $679,5 млн

10.    Франция –$ 603,1 млн

Салаларға келетін болсақ, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығында 2,8 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында 2,6 есе өсу байқалды, ақпарат пен байланысқа 80,1%-ға, ал электрмен жабдықтауға 68,3%-ға көбірек инвестиция салынды. Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар да айтарлықтай өсім көрсетті. Өткен жылы инвесторлар бұл секторға 2020 жылға қарағанда $2 млрд артық қаржы салды, өсім 65,4% құрады.

Инвестицияларды тартуға жауап беретін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2021 жылдың соңына қарай $19 млрд. астам шетелдік инвестициялар тартылуын болжады.

Инвестициялық жобалар пулын табысты іске асыру және Қазақстанда қолданылатын инвестицияларды тартудың үш деңгейлі жүйесі нәтижесінде:

«ҚР елшіліктері - орталық мемлекеттік органдар - өңірлік әкімдіктер», Қазақстан 2017-2019 жылдардың көрсеткіштеріне шықты.

Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық ахуалды үздік әлемдік стандарттарға сәйкес жақсарту үшін үнемі жұмыс істейді, бизнес үшін күшті және бәсекелі орта құруға үлкен мән береді. Осы бағытта «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ инвесторларға жәрдемдесу бойынша, атап айтқанда, Қазақстанға сапарларды ұйымдастыру, қаржыландыру көздерін және жобаларды іске асыру үшін алаңдарды айқындау бойынша, жергілікті бизнес-әріптестермен өзара іс-қимыл жасау және рұқсат беру және өзге де құжаттарды алу кезінде консультациялық қолдау бойынша шаралар кешенін көрсететін инвестицияларды тарту бойынша бірыңғай оператор болып табылады.

Бұл фактілерді Standard & Poor’s беделді халықаралық рейтинг агенттігі растайды. Агенттік Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингін «BBB» - деңгейінде сақтау туралы жариялады, болжам – «тұрақты».

Қазіргі уақытта ESG (Environmental (қоршаған орта), Social (әлеуметтік сала), Governance and Prosperity (корпоративтік басқару және экономикалық өркендеу) стандарттарына сәйкес ҚР-ның 2025 жылға дейінгі жаңа инвестициялық саясатының тұжырымдамасы әзірленуде.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/aza-stan-sheteldik-investitsiyalar-a-ynyny-pandemiya-a-deyingi-de-geyine-oraldy/