ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің (ИАЖК) отырысында климаттық пакті бойынша міндеттемелерді қаржыландыру және «жасыл күн тәртібін» ілгерілетудегі Қазақстанның халықаралық ұстанымдарын одан әрі нығайту мәселелері қаралды.
Қазақстан бірінші елдердің қатарында Париж келісімін ратификациялады және өз экономикасын карбонсыздандыру бойынша өршіл мақсаттар туралы жариялады. ҚР Үкіметі қазіргі заман болмысына сай келетін дамудың жаңа бағыттарына қатысты негізгі құжаттарды дайындау бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізуде.
Ә. Смайылов 2021 жылы мемлекеттік экологиялық реттеу стандарттарын айқындайтын, жасыл инвестициялар тартуды ынталандыратын және халықаралық экологиялық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін жаңа Экологиялық кодекс қабылданғанын атап өтті.
«Экологиялық таза энергия көздерін дамытуды ынталандыру үшін Баламалы энергетиканы дамыту бойынша жаңа заң әзірленуде. Қазақстанның 2025 жылға дейінгі инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы ESG және жасыл экономика қағидаттарын сақтауға негізделеді», - деді ҚР Премьер-Министрі.
Осы мақсаттар үшін қазіргі уақытта 2060 жылға қарай Көміртегі бейтараптылық доктринасы әзірленуде, ол Қазақстан экономикасын дәйекті түрде трансформациялау жөніндегі мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын айқындайтын болады.
Қазақстан әлемдік қоғамдастық тап болып отырған сын-қатерлерге қарамастан, өзінің жаһандық орнықты дамуға бейілділігін сақтап қалды және осы бағыттағы одан әрі жүйелі және дәйекті жұмысқа дайын.
Дереккөз: https://primeminister.kz/ru/news/premer-ministr-rk-a-smailov-provel-zasedanie-soveta-po-uluchsheniyu-investicionnogo-klimata-112578
Материалдарды кез келген қолдануға тек primeminister.kz парақшасына гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі