• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстандық инвестор ШҚО-да көтерме-тарату орталығын салуда

Қазақстандық «Нарын-Сауда-ОПТ» ЖШС компаниясы Өскемен қаласында «Алтай» көтерме-тарату орталығының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыруды бастады. Жоба «Ертіс» ӘКК» АҚ қатысуымен жүзеге асырылуда. КТО Алматы-Өскемен автомагистралінің жанында орналасады.

Инвесторлардың айтуынша, қазіргі заманғы жабдықтарды орнатуды ескере отырып, құрылыстың жалпы құны 14,3 млрд. теңгені құрайды. Инвестициялық жоба 45 мың тоннаға дейін өнім тиеу мүмкіндігімен жалпы ауданы – 20 мың ш. м. екі көкөніс қоймасын, жалпы ауданы - 2 160 ш. м. кросс – докты, сондай-ақ әкімшілік ғимараттар кешенін салуды көздейді.

«Әрбір көкөніс қоймасы екі секциядан тұратын болады. Бірінші секцияда жүктемесі 5 мың тоннаға дейін, температуралық режимі жоқ желдеткіш жабдығы бар уақытша сақтау қоймасы орналасады. Екінші секция жүктемесі 17,5 мың тоннаға дейін, тоңазытқыш жабдығы бар ұзақ мерзімді сақтау қоймасы», - деп атап өтті компанияда.

Өнімді сақтау мен қайта өңдеуден бастап тарату мен өткізуге дейінгі сапалы мамандандырылған қызметтерді көрсету үшін жобада паллеттерді пайдалана отырып, голланд технологиясы бойынша сақтау қарастырылған. Бұл әдіс ұзақ және тиімді сақтауды, сондай-ақ тауарларды тез жөнелтуді қамтамасыз етеді. Кросс-док жүйесі заманауи тиеу техникасымен, автоматты өрт сөндіру жүйесімен, бейнебақылаумен, сондай-ақ өнім туралы өзекті ақпаратты қамтитын ақпараттық мониторлармен жабдықталады.

«Бұл жобаны жүзеге асыру жергілікті шаруалар үшін көптеген артықшылықтар береді. Олардың ішінде өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Қазақстанның азық-түлік нарығындағы отандық өндіріс үлесін арттыру, тауарлар экспорты үшін жаңа мүмкіндіктер, жергілікті халықтың еңбек өнімділігі мен қаржылық әл-ауқатын арттырады», - деп хабарлады KAZAKH INVEST ШҚО бойынша өңірлік директоры Нартай Бейсеков.

Бұдан басқа, жоба өнімді тиімді өңіраралық қайта бөлуді ұйымдастыруға, бағаны тұрақтандыруға, импортты алмастыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлеңкелі айналымын заңдастыруға, тамақ өнімдерін сақтау мен қайта өңдеудің ұлттық технологияларын құруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің ағындарын есепке алудың және болжаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруға үлес қосатыны атап өтілді.

 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kazakhstanskiy-investor-stroit-optovo-raspredelitelnyy-tsentr-v-vko/