ШҚО кәсіпкерлерінің назарына
2022 жылғы 10-11 наурызда Братислава қаласында Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Зазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясының отырысын өткізу жоспарлануда.
Словак тарапы аталған іс-шара аясында екі елдің ресми және іскер топтарының қатысуымен Қазақстан-Словакия дөңгелек үстелін өткізуге ниет білдірді. Іс-шара бағдарламасы бойынша В2В форматында келіссөздер жүргізу көзделген.
Форумның негізгі мақсаты - Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ отандық және словак кәсіпкерлері арасында іскерлік байланыс орнату үшін қолайлы алаң қалыптастыру.
Толық ақпарат алу үшін 8-7232-71-32-68 телефонына хабарласыңыз.